Нұрбол Жұмасқалиев "Ертістен" кетті

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстандық маман павлодарлық "Ертістің" бас бапкері қызметінен кетті.

Нұрбол Жұмасқалиев "Ертістен" кетті
Instagram/@ertis_fk

"Ертісте" тағы да бапкерлік өзгеріс болды

Павлодарлық "Ертіс" маусым ортасында бас бапкерсіз қалды. Қазақстандық футбол маманы Нұрбол Жұмасқалиев команданың тізгінінен кеткені хабарланды.

"Серый CARDINAL" телеграм-арнасының мәліметінше, Жұмасқалиев "Ертісте" ұзақ тұрақтай алмады. Ол команданы бар болғаны бір жарым ай басқарған.

Нәтижесі қандай болды?

Нұрбол Жұмасқалиев павлодарлық клубты 6 матчта тізгіндеді. Осы кездесулерде "Ертіс" жеңіске жете алмады.

Мұндай нәтиже клуб басшылығын қанағаттандырмаған болуы мүмкін. Әсіресе, турнир кестесіндегі жағдайдың күрделенуі бапкерлік ауысымға әсер еткені анық.

Нұрбол Жұмасқалиев 2026 жылдың 13 мамырында "Ертістің" бас бапкері болып тағайындалған. Ол бұл қызметке беларусь маманы Кирилл Альшевский кеткеннен кейін келген.

Айта кетейік, Жұмасқалиев "Ертіс" үшін бөтен адам емес. Ол 2017 жылы павлодарлық клуб сапында футболшы ретінде өнер көрсеткен.