ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

"Тобыл" Алматыда "Қайратты" ойсырата жеңіп, сенсация жасады

Қостанайдың "Тобылы" Қазақстан Премьер-лигасының 26-турында "Қайратты" 4:1 есебімен жеңді.

"Тобыл" Алматыда "Қайратты" ойсырата жеңіп, сенсация жасады
instagram/@fctobol

Милованович алғашқы таймда дубль жасады

Кездесудегі есеп 18-минутта ашылды. "Тобылдың" сербиялық шабуылшысы Урош Милованович пенальтиді дәл орындады.

40-минутта алматылық клубтың испаниялық жаңа ойыншысы Марк Гуаль таразы басын теңестірді. Бірақ үзіліске дейін қостанайлықтар қайтадан есепте алға шықты. 44-минутта Милованович дубль авторы атанды.

"Тобыл" екінші таймда қарқынын үдетті

Үзілістен кейін "Қайрат" ойынды құтқаруға ұмтылғанымен "Тобыл" қарсыласының қорғаныстағы қателіктерін тиімді пайдаланды.

63-минутта беларусь футболшысы Виталий Лисакович қонақтардың үшінші голын соқты. Ал 81-минутта венесуэлалық шабуылшы Луис Герра матчтың нүктесін қойды. 

Осылайша "Тобыл" Алматыда сенсациялық жеңіске жетіп, чемпиондыққа таласып жүрген "Қайраттан" үш ұпай жұлып алды. 

27-турда "Қайрат" елордада "Астанаға" қонаққа барады. "Тобыл" өз алаңында Семейдің "Елімайын" қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?