ҚПЛ аутсайдері ірі жеңіске жетіп, қауіпті аймақтан шықты
Өскеменнің "Алтайы" Қазақстан Премьер-лигасының 26-турында Жезқазғанда "Ұлытау" қақпасына жауапсыз үш доп соқты.
Бірінші таймда есеп ашылмады
Командалар алғашқы минуттардан шабуылға мән беріп, бірнеше қауіпті мүмкіндік ұйымдастырды. Бірақ үзіліске дейін екі жақ та қарсылас қақпасын дәл көздей алмады.
Матчтағы негізгі оқиғалар екінші таймда өрбіді. Өскемендік ойыншы Дарко Додев алыстан дәл соққы жасап, қонақтарды алға шығарды.
Бұдан кейін Сэйф Попов қарсылас қақпасына екі гол соғып, дубль авторы атанды. Осылайша өскемендік команда сырт алаңда 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
"Алтай" төменгі орындардан көтерілді
Маңызды үш ұпайдан кейін "Алтайдың" еншісінде 25 ұпай болды. Өскемендік клуб ҚПЛ-дің төменгі лигасына түсіп қалу аймағынан шықты.
Ал 31 ұпай жинаған "Ұлытау" турнир кестесінің орта тұсында келеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?