Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Жеңіс" бас бапкерімен қоштасты

Босниялық маман Қазақстаннан жеке себептерге байланысты кеткен.

"Жеңіс" бас бапкерімен қоштасты
rbc.ru

Астаналық "Жеңіс" футбол клубының бас бапкері Владимир Слишкович командадан кетті.

Ресейлік инсайдер Анар Ибрагимовтың мәліметінше, босниялық маман Қазақстаннан жеке себептерге байланысты кеткен.

"Слишкович "Жеңістен" кетті. Мендегі ақпарат бойынша, бүгін "Спартак" пен "Оренбургтің" бұрынғы бапкері қазақстандық командамен қоштасты. Владимир Қазақстаннан жеке себептерге байланысты кетті. Босниялық маман мен оның отбасына амандық тілеймін", – деп жазды инсайдер.

"Жеңісті" тамыздан бері жаттықтырды

Владимир Слишкович "Жеңістің" бас бапкері қызметіне 2026 жылдың тамызында келген.

"Жеңістің" жаңа бапкері кім болуы мүмкін?

Бұған дейін инсайдер Эльдар Аманбаев украиналық маман Андрей Демченконың "Жеңіс" басшылығымен келіссөз жүргізу үшін Қазақстанға келгенін хабарлаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Астана 3-орын