
Бас бапкер команда ішіндегі атмосфера мен мақсаттар туралы да ойын ортаға салды.
2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасы бүгін алғашқы матчын өткізеді. Уэльске қарсы маңызды ойын қарсаңында ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев журналистер сұрағына жауап беріп, команда ішіндегі атмосфера мен мақсаттар туралы шынайы пікірін білдірді.
"Гол соғу - психологиялық мәселе. Доп соғу үшін соған сай мүмкіндіктерді жасау қажет. Біз осы бағытта жұмыс істеп, жан-жақты талдау жүргіздік. Маңыздысы - гол соғу үшін белгілі бір қабілетке ие болу керек. Алыстан тебу керек болса, тебесің. Баспен соққы бағыттау қажеттілігі туындаған екен, баспен ойнайсың. Бұл жерде абдырау орынсыз. ", – деді Әлиев.
Әлиевтің айтуынша, Уэльспен тең ойын да жаман нәтиже саналмайды.
"Уэльспен 0:0 ойнаймыз ба? Бір ұпай еншілеп қалудың өзі жаман нәтиже емес. Ойынды доппен де допсыз да бақылауда ұстауға болады", – деді ол.
Бұл ойындар ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында өтеді. Қазақстан құрамасы J тобында Бельгия мен Солтүстік Македониямен бірге өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы бас бапкер Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының алдағы матчтарына қатысты мәлімдеме жасаған еді.