"Барыс" ойын формасының жаңартылған дизайнын көрсетті (ВИДЕО)
Клубтың баспасөз қызметі жаңа жейденің дизайны мұздың салқын мінезі мен тоқтаусыз энергияның үйлесімінен шабыт алғанын атап өтті.
Жаңа форманың дизайны нені білдіреді?
Үй матчтарына арналған форманың негізгі түсі — қою көк. Бұл реңк қыстың түнгі аспанын, мұз айдынының суық жарқылын бейнелейді.
Ал сырт алаңдағы кездесулерге арналған ашық түсті форма Астананың қуаты мен мінезін, сондай-ақ шексіз қарлы даланың табиғатын көрсетуге бағытталған.
"Жаңа маусым қарсаңында ойын формасының жаңа дизайнын ұсынамыз. Оның безендірілуі мұздай салқын стихия мен тірі, тоқтаусыз энергия тоғысатын сәттен шабыт алды", — деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.
"Барыс" жаңа ҚХЛ маусымын үйде бастайды
Михаил Кравец жаттықтыратын елордалық команда ҚХЛ-дың 2026/2027 маусымындағы алғашқы матчтарын өз айдынында өткізеді.
7 қыркүйекте Новосібірдің "Сибирін" қабылдайды. 9 қыркүйекте астаналықтар Уфаның "Салават Юлаев" командасымен кездессе, 12 қыркүйекте Хабаровскінің "Амурына" қарсы ойнайды.
Осылайша "Барыс" жаңа маусымды қатарынан үш үй матчымен бастайды.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.