Хоккей
Қазақстанның ең қымбат хоккейшісі енді екі есе аз жалақы алады
Қазақстан құрамасының үздік шабуылшысы Никита Михайлис ҚХЛ-дегі "Металлург" клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды. Алайда оның табысы күрт төмендеді.
Өзбекстан тумасы NHL клубына ауысты
24 жастағы шабуылшы Канаданың «Оттава Сенаторз» хоккей клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қойды.
"Барыстың" ҚХЛ-дағы алғашқы қарсыластары белгілі болды
2025/26 жылғы Құрлықтық хоккей лигасының алғашқы үш кездесуінде астаналық "Барыс" өз айдынында "Трактор", "Амур" және Минсктің "Динамосын" қабылдайды.
"Барыс" басшысына қатысты Антикор түсініктеме берді
Бұрын аса ірі көлемде алаяқтық үшін сотталған Сәкен Мұсайбековтің «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалуы қоғамда дау туғызған еді.
Қазақстандық вундеркинд NHL-дің үш дүркін чемпионы қатарына қосылады
18 жастағы қазақстандық шабуылшы Асанәлі Сәркенов "Колорадо Эвеланш" дамыту лагерінде бағын сынайды.
"Мен бұл елді жақсы көремін": Даррен Диц Қазақстанға оралды
"Барыстың" экс-капитаны Даррен Диц минскілік "Динамомен" келісімшарт жасасқан соң Қазақстанға келді.
Мәмбеталиев "Барыстағы" қызметінен кетеді
Қазақстандық хоккей қауымдастығында тағы бір маңызды кадрлық өзгеріс болды. "Барыс" ХК жанындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (ДЮСШ) директоры Руслан Мәмбеталиев өз лауазымынан кетеді.
Талғат Жайлауов бас бапкер атанды
Қазақстандық хоккей тағы бір жаңалықпен толықты. Бұған дейін ойыншы және жаттықтырушы ретінде өз орнын қалыптастырған Талғат Жайлауов енді "Номад" клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
"Барыс" ойыншысы жаңа командаға ауысты - жалақысы футболшылармен тең
Дамир Жафяров ҚХЛ-дағы жаңа келісімшартқа қол қойды.
"Барысқа" алдағы маусымда түк те жоқ - сарапшы
Белгілі хоккей сарапшысы Сергей Савельев астаналық команданың келесі маусымдағы мүмкіндіктерін күмәнмен бағалады.
ҚХЛ 3×3: "Барыс" неге соңғы орында қалды? Бапкердің ашық мойындауы
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 3×3 форматын сынаған алғашқы маусымда "Барыс" күткен нәтижеге қол жеткізе алмады. 72 матчтың қорытындысы бойынша небәрі 34 ұпай жинаған елордалықтар турнир кестесінің соңғы, сегізінші сатысында қалды.
Сену қиын! Қазақстан құрамасының жұлдызды қақпашысы Ресейге оралды
Қазақстан құрамасының қақпашысы Сергей Кудрявцев ЖХЛ-дағы "Южный Урал" клубына оралды.
"Барыс" бапкерін жұмыстан шығара алмай отыр
Ғалым Мәмбеталиев "Барыс" хоккей клубының бас бапкері қызметінде қалуы мүмкін.
Спорт министрі “Барыстың” болашағына қатысты мәлімдеме жасады
Ербол Мырзабосынов енді легионерлерге бюджеттен қаржы бөлінбейтінін ашық айтты.
Олимпиада Овечкинсіз өтеді
Канада құрамасының бас менеджері Даг Армстронг 2026 жылғы қысқы Олимпиадада Ресей құрамасының болмауына қынжылысын білдірді.
"Барыс" Сәкен Мұсайбековке қатысты мәлімдеме жасады
«Барыс» хоккей клубы жаңа бас директоры Сәкен Мұсайбековтің бұрынғы жемқорлық ісіне қатысты қоғамдық сындарға жауап берді.
IIHF ресейлік хоккейшілерді тағы да елеусіз қалдырды
«Флорида Пантерс» клубы өз тарихында алғаш рет Стэнли кубогын жеңді. Алайда Халықаралық хоккей федерациясының құттықтау жазбасында шешуші рөл атқарған Сергей Бобровский мен өзге ресейлік ойыншылар жоқ.
Пара алған шенеунік "Барысқа" басшылық қызметке келді
Ол хоккей клубының жаңа бас директоры болып тағайындалды.
«Барыстың» сәтсіздігіне кім кінәлі? Федерация ма?
«Барыстың» ҚХЛ-дегі сәтсіздігі жайдан-жай емес екен. Федерацияның бұрынғы вице-президенті Владимир Корсунский клубтың құлдырауына Асқар Маминді айыптады. Оның айтуынша, биліктің бейқамдығы мен қолдаудың жоқтығы бүкіл хоккей саласын тұралатқан.
"Барыстың" ҚХЛ чемпионатына қатысуы екіталай
Қазақстанның Құрлықтық хоккей лигасындағы (КХЛ) жалғыз өкілі — астаналық "Барыс" клубы алдағы 3х3 форматындағы маусымға қатыспауы мүмкін.