
17 тамыз Қазақстанда дәстүрлі Спорт күні аталып өтуде. Бұл мереке алғаш рет 2004 жылы ресми күнтізбеге енгізілген және жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл ел аумағында 150-ден астам мерекелік спорттық шаралар ұйымдастырылмақ.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов халықты мерекемен құттықтап, спорттың қоғамдағы маңызына тоқталды:
“Құрметті қазақстандықтар, сіздерді шын жүректен Спорт күнімен құттықтаймын! Бұл маңызды күннің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және халқымыздың денсаулығын нығайту. Спорт – бұл жай ғана дене жаттығуы емес, ол – жігердің, мақсаткерліктің, бірліктің және достықтың бейнесі”, – деді министр.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде спорт инфрақұрылымы кеңейіп, жаңа нысандар ашылып, спортшылар халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетіп жүр.
Биылғы жылы Президент тапсырмасымен «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға маңызды түзетулер енгізілді. Жаңашылдықтар келесі бағыттарды қамтиды:
Бұл өзгерістердің барлығы ел спортының жүйелі дамуына серпін бермек.
Жыл басынан бері Қазақстанда көптеген ірі халықаралық жарыстар өтті. Бұл елдің спорт нысандары заманауи стандарттарға сай екенін және жоғары деңгейдегі турнирлерді өткізуге қабілетті екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар, 2025 жылы Қазақстанға жиырмадан астам халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері келді, олардың жартысын Мемлекет басшысы қабылдады. Бұл – еліміздің әлемдік спорт аренасындағы беделінің өскенінің айғағы.