Келесі қысқы Азия ойындары Алматыда өтпек

Сарапшы, спорт журналисі

2025 жылы қысқы құрлық турнирі Қытайда өткен болатын.

Келесі қысқы Азия ойындары Алматыда өтпек
Алматы

2029 жылы өтетін Қысқы Азия ойындарының қабылдаушы қаласы ретінде Алматы ресми түрде таңдалды. Бұл туралы News.cn агенттігі хабарлады.

Аталған шешімді Азия Олимпиадалық кеңесі (OCA) жариялады. Келісімге сәйкес, қабылдаушы қала жөніндегі ресми құжатқа бейсенбі, 5 ақпан күні Италияның Милан қаласында қол қойылады деп күтілуде.

Айта кетейік, бастапқыда Қысқы Азия ойындарын 2029 жылы Сауд Арабиясы қабылдайды деп жоспарланған еді. Алайда қаңтар айында Сауд Арабиясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесінің бірлескен мәлімдемесінде турнирдің өткізілуі белгісіз мерзімге шегерілетіні хабарланған болатын. Осыдан кейін OCA жаңа қабылдаушы ел мен қаланы анықтау мәселесін қайта қараған.

Соңғы Қысқы Азия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен еді. Енді құрлықтық дода төрт жылдан кейін Қазақстанға оралып, Алматы ірі халықаралық спорттық жарысты қабылдайтын болады. Бұл шешім елдегі қысқы спорт түрлерінің дамуына және Алматының халықаралық спорт аренасындағы беделін арттыруға оң әсер етеді деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір