Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиаданың кезекті ойын күні жалғасуда.
Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы параллель могулдан фристайлшы қыздардың жарысы басталды.
Қазақстан құрамасынан бірінші болып Анастасия Городко сынға түсті. Оның қарсыласы қытайлық Ян Я болды. Төрешілердің шешімі бойынша Городко 26 ұпай жинаса, қарсыласы 9 ұпай еншіледі. Осылайша, Городко 1/8 финалға жолдама алып, Ян Я медаль үшін күресті аяқтады.
Еске салайық, параллель могулда Қазақстан атынан Юлия Галышева мен Аяулым Әмренова да өнер көрсетеді. Бұған дейін аталған үш қазақстандық фристайлшы жекелей сайыста бақ сынағанымен, шешуші финалға өте алмаған еді.
Оқи отырыңыз: