ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Ел қоржынына кезекті медаль түсті

Рамазан Омар Ташкентте жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде қола жүлдеге ие болды.

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Ел қоржынына кезекті медаль түсті
sportarena.kz

75 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке енді

Қызылорда облысының тумасы Рамазан Омар 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 290 келі нәтиже көрсетті. Жұлқа көтеруде 137 келіні, серпе көтеруде 153 келіні бағындырды. Омар осы көрсеткіш арқасында Masters санатында үшінші орынға тұрақтады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштік төмендегідей:

1. Мохаммад Джавад (Иран) – 325 кг (145+180)
2. Ербол Сарпашев (Қырғызстан) – 300 кг (130+170)
3. Рамазан Омар (Қазақстан) – 290 кг (137+153)

Халықаралық аренадағы дебют

Айта кетейік, бұл Рамазан Омар үшін тек Азия чемпионатындағы емес, жалпы халықаралық жарыстардағы алғашқы бәсеке болды. Соған қарамастан жас атлет ірі доданың өзінде жүлдеге қол созып, ел қоржынына қола медаль салды.

Бұған дейін 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстанның тағы бір дебютанты Төрехан Асанхан да үздік үштікке енген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?