
Басынан соққы алған желмая ауруханадан бір-ақ шықты.
Кейлен Такер есімді америкалық оқушы қыз желмаялар жарысында қарсыласынан соққы алып, ауруханадан бір-ақ шықты. Бұл туралы The Sun хабарлады.
Оқиға АҚШ-тың Вирджиния штатында болды. Жарыс кезінде түсірілген бейнежазбада қарсылас бойжеткен эстафеталық таяқшамен Кейлен Такердің басынан бір салып қалғаны көрінеді. Бұл жағдай жарыстың екінші кезеңінде орын алды.
"Мен әлі де сене алар емеспін, қатты таңғалдым. Әлі де бәрін түсініп болмадым, бұл шынымен болды дегенге сенгім келмейді", – дейді оқушы қыз The Sun басылымына берген сұхбатында.
Британдық БАҚ мәліметі бойынша, оқиғадан кейін жас спортшы ми шайқалу қаупімен ауруханаға жеткізілген. Ал оның қарсыласының командасы жарыстан шеттетілді.
Айта кетейік, оқиғадан бірнеше күн бұрын Кейлен Такер 55 метр қашықтыққа жүгіруден жарыс рекордын орнатып, басқа да жүлделерге үміткер болған еді.
Қазіргі уақытта осы жағдайға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бейнежазбада көрінген соққының әдейі жасалғаны туралы нақты дәлелдер әзірге жоқ.