Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

аралас жекпе-жек

Аралас жекпе-жек тегінде UFC, NAIZA, Rizin FF турнирлері мен қазақстандық файтерлер туралы жаңалықтар жинақталған: Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Еркебұлан Тоқтар, Қаршыға Дәуітбек, Дияр Нұрғожай, Азат Мақсұм. Нокаут видеолары, жекпе-жекке шақырулар, келісімдер, файтерлердің денсаулығы мен шеттетілу жайлы хабарлар.
Жекпе-жек

Қазақстандық файтер Ташкентте өзбек қарсыласын тұншықтырып жеңді (ВИДЕО)

Ташкенттегі Octagon 75 турнирінде жартылай жеңіл салмақта Нұрсұлтан Оспан өзбекстандық қарсыласын бірінші раундта-ақ тұншықтыру әдісімен жеңді.

Бәрі-бір

Қуат Хамитов: "Болашақ жарымды хиджабтағы арулар арасынан көргім келеді"

Қазақстандық танымал файтер Қуат "Найман" Хамитов өзінің жеке өмірі мен өмірлік ұстанымдары жайында Instagram парақшасында ашық пікір білдірді.

Жаңалықтар

Конор МакГрегор сот алдында: әйгілі файтердің тағдыры қыл үстінде

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор МакГрегор түрмеге қамалуы мүмкін. Оған 10 жылға дейінгі жаза қаупі төніп тұр. 

Жекпе-жек

Хабиб Нурмагомедов тағы да қаржы дауына ілікті

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовке Ресей Федералдық салық қызметі (ФНС) жаңа қаржылық қарыз бойынша талап қойды. Жақында ғана 320 миллион рубль төлем жасап, шоттарын бұғаттан босатқан танымал спортшы енді 1,8 миллион рубль қарыз болып шықты.

Жекпе-жек

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралмақ

Oktagon ұйымында белбеу иеленгеннен кейін Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралу ниетін ашық айтты. Қазақстандық файтер ауыр жарақатына қарамастан, қарсыласын жеңіп, енді Америкада жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Бәрі-бір

Қуат Хамитов әйелін көрсетті (ФОТО)

Қазақстандық ММА жұлдызы Қуат Хамитов болашақ жарының суретін көрсетіп жанкүйерлерін таңғалдырды.

Жекпе-жек

Жалғас Жұмагұлов тарихи жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Бұл белбеу – қазақстандық файтерлер үшін алғаш рет Еуропада жеңіп алынған титул.

Жекпе-жек

Жалғас Жұмағұловты жеңген Ван қайтадан жарқ етті (ВИДЕО)

Жалғас Жұмағұловты жеңген Джошуа Ван UFC-де тағы да сенсация жасады.

Жекпе-жек

UFC-дің еуропалық нұсқасында қазақ батыры чемпион атанды

Кәсіпқой аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Германияның Гамбург қаласында Oktagon 73 турнирінде өнер көрсетіп, айрықша жетістікке жетті. Бұл жарысты көпшілік "еуропалық UFC" деп атайды — себебі Oktagon MMA лигасы Еуропадағы ең беделді ұйымдардың бірі.

Жекпе-жек

Жалғас Жұмағұлов титулдық айқасқа дайын, ал шаш үлгісі бұрынғыдан да мықты (ВИДЕО)

Қазақстандық экс-UFC файтер Жалғас Жұмағұлов бүгін Гамбургтегі Barclays Arena-ға келіп, чемпиондық белбеу үшін өтетін айқасына финалдық дайындықты аяқтады.

Жекпе-жек

Шаптан соқты! — Емельяненконың шәкірті қарсыласын рингтен зембілмен шығарды (ВИДЕО)

PFL жартылай финалында Валентин Молдавский Александр Романовты шаптан ұрып, жекпе-жек тоқтатылды. Қарсыласқа зембіл қажет болды.

Жекпе-жек

Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад төбелеспейтін болды

Бұл туралы отандасымыздың менеджері ашық айтты. 

Жекпе-жек

Қазақстанда өзбекстандық чемпион қарсыласын қатыгез нокаутпен ұтты (ВИДЕО)

Түркістанда өткен Alash Pride FC 109 турнирі көрермендерге әсерлі сәттерді сыйлады. Өзбекстандық Бобур Абдулазизов қарсыласын айқын нокаутпен жеңіп, турнирдің басты кейіпкеріне айналды. 

Жекпе-жек

ММА файтерін тоқ ұрды (ВИДЕО)

Ресейлік ММА файтері Иван Паршиков Вьетнамдағы жарыста жеңісінен кейін суға секірмек болып, электр тоғына түсіп қалды. Абырой болғанда, ауыр жарақат алған жоқ. 

Жекпе-жек

UFC басшысы қазақстандық жеңілмеген файтерге тәнті болды: Бұл Рахмонов емес (ВИДЕО)

Әліби Ыдырыс Дана Уайтты таңғалдырды. 

Жекпе-жек

UFC жолында: Қазақстан Өзбекстанды тас-талқан етіп жеңді (ВИДЕО)

Қазақстандық ММА файтері Әліби Ыдырыс АҚШ-та өтіп жатқан UFC жобасы – The Ultimate Fighter (TUF) шоуында кезекті сенсация жасады. Ол кезекті серияда өзбекстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, UFC келісімшартына бір қадам жақындады.

Жекпе-жек

Шавкат Рахмонов тың әдіспен дайындала бастады (ФОТО)

Жарақатынан кейін оңалу кезеңін өткізіп жатқан спортшы Instagram желісінде таудағы веложаттығу сәтінен бейнежазба жариялады.

Жекпе-жек

Асу Алмабаевтың командасы Тагир Уланбековті реваншқа шақырды

Бұл туралы DAR Team бапкері Эдуард Базров мәлімдеді. Ол Асу бұрынғыдан әлдеқайда мықты екенін айтып, қазір реванш өткізуге тамаша мүмкіндік туғанын жеткізді.

Жекпе-жек

Азат Мақсұм UFC-дегі айқастан қанша тапты?

Қазақстандық файтер Бакуде өткен турнирде ресейлік Тагир Уланбековқа төрешілер шешімімен есе жіберген болатын. Сондықтан болар, сыйақысы қарсыласынан шамамен 5 есе аз. 

Жекпе-жек

Қазақ файтерлері UFC-ге қаншалықты жақын? Нақты есімдер аталды

Аян Тұрсын, Сүндет Айтқұл және Абай Жалал сияқты есімдер қазірдің өзінде UFC назарында.