футбол
«Сити» 1 миллиардтық келісімге қол қойды
Англия Премьер-лигасында жаңа тарихи келісімшарт жасалды: «Манчестер Сити» және немістің спорттық киім өндірушісі PUMA жаңа 10 жылдық серіктестік жөнінде келісімге келді.
«МЮ» Антониді 58 млн еуроға сатпақ
«Манчестер Юнайтед» Антони үшін қазір кемінде 58 миллион еуро сұрап отыр. Бұл туралы бразилиялық UOL порталы хабарлады.
Трансфер маусымының басты тосынсыйы: Исак "Ливерпульге" ауыса ма?
"Ливерпуль" швециялық шабуылшы Александр Исакқа қызығушылық танытуда.
Ван Нистелройдың орнына белгісіз испаниялық маман келді
"Лестер Сити" ресми түрде 43 жастағы испаниялық жаттықтырушы Марти Сифуэнтесті бас бапкер ретінде таныстырды.
"Қазақ футболы кланға бөлінген" - Ермұхамед Мәулен
"Фонтим" подкастында жасырын футбол элитасының картасы, келісілген матчтар мен қазақ футболының болашағы жайлы сөз болды.
Ламин Ямалдың туған күн кеші тағы дауға ілікті
Каталониялық «Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямалдың 18 жасқа толуы Испанияда үлкен қоғамдық резонанс тудырып отыр.
Қазақстанда әуесқойлар лигасы ресми түрде басталды
Қазақстан футбол федерациясы ел аумағындағы жасырын таланттарды кәсіби деңгейге шығару мақсатында әуесқойлар лигасын іске қосты.
"Спортинг" ресми жауап берді: "Арсенал" жұлдызды шабуылшыны сапына қоспақ
Лондондық "Арсенал" швециялық сұрмерген Виктор Дьёкерешті сатып алуға бір қадам қалды.
«Олимпия» Алматыға қонды. Шешуші шайқас немен аяқталады?
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама беретін шешуші ойын алдында словениялық «Олимпия» Алматыға келіп жетті. 15 шілдеде «Қайратпен» өтетін жауапты матчта екі команда да барын салады – алғашқы ойын 1:1 есебімен аяқталған еді.
"Қызыл сойқандар" сенсация жасамақ: Варди МЮ-ге ауыса ма?
«Манчестер Юнайтед» тәжірибелі ағылшын шабуылшысы Джейми Вардиге қызығушылық танытып отыр. The Athletic деректеріне сүйенсек, 38 жастағы футболшыны клубқа тегін алып келу ұсынысы жасалған.
"Реал" бұрынғы ойыншысын 50 млн еуроға қайтарды
Мадридтік «Реал» пен лиссабондық «Бенфика» Альваро Каррерастың трансфері бойынша келісімге келді.
3000 жанкүйер қарсы болған трансфер
Ағылшындық вингер Нони Мадуэке "Арсеналға" ауысады. Бұл ақпаратты трансферлік инсайдер Фабрицио Романо өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында растады.
Кристиан Нергор енді "Арсенал" ойыншысы
Лондондық "Арсеналдың" баспасөз қызметі ресми түрде Кристиан Нергордың командаға қосылғанын мәлімдеді. 31 жастағы жартылай қорғаушы "Брентфордтың" капитаны болған.
"Ливерпуль" жұлдызы "Реалға" ауыспақ
Франция құрамасы және "Ливерпульдің" орталық қорғаушысы Ибраима Конате өзінің болашағын Англияда емес, Испанияда елестетеді. Британдық басылымдардың мәліметінше, футболшы клубпен келісімшартты ұзартудан бас тартқан. Оның қазіргі келісімі 2026 жылдың жазына дейін жарамды.
"Қызылжар" күйреп жатыр ма? Жалақы жоқ, қарыз көп
Команда мүшелері маусым басталғалы бері жалақының тек үш айын ғана алған. Сыйақы да, сапар шығындары да төленбеген. Соған қарамастан петропавлдық ұжым ел кубогының жартылай финалына дейін жетіп, алаңда ерлік көрсетіп жүр.
Cуперкласикода трибунаға от шашатын құрал лақтырылды (ВИДЕО)
Монтевидеодағы "Пеньяроль" мен "Насьональ" арасындағы қарымта матч кезінде қауіпсіздік қызметкері жарақат алды.
Осимхен Түркияға бара ма? "Наполи" күтпеген талап қойды
«Наполи» шабуылшысы Виктор Осимхеннің «Галатасарайға» ауысу келісімі аяқ астынан тығырыққа тірелді. 75 миллион еуро көлеміндегі трансфер мәмілесіне қажетті банк кепілдіктерінің болмауы себеп болды.
Модрич 39 жасында жаңа белеске шықты
"Милан" хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модричтің командаға қосылғанын ресми түрде жариялады.
Клубтық әлем чемпионатының финалы: Челси – ПСЖ
Лондондық «Челси» мен француздық ПСЖ Клубтық әлем чемпионатының финалында бас жүлде үшін таласады.
Бір сәтте қаһарманнан жат адамға айналды – Малкомды не күтіп тұр?
Бразилиялық вингер Малком "Әл-Хилалдан" кетуі мүмкін. Жанкүйерлермен қақтығыстан кейін шабуылшының клубтағы болашағы бұлыңғыр.