кәсіпқой бокс
Әлем чемпионы Мейірім Нұрсұлтановпен жұдырықтаспайтын болды
Отандасымыздың Карлос Адамеспен айқасы жуырда өтуі керек еді.
Джейк Пол Энтони Джошуаны не себепті жеңетіні айтылды
Бұл кездесу 19 желтоқсанда, Майами қаласында (АҚШ) өтеді.
Майк Тайсон мен Флойд Мэйвезер жұдырықтаспақ
Аңыз боксшылардың айқасы наурыз айында өтеді.
«Жақсы жанкүйерлер жинаппын»: Жәнібек Әлімханұлы ағынан жарылды
Допинг дауына ұшыраған қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне ризашылық білдірді.
Рой Джонс Жәнібек Әлімханұлын сабырға үндеді
Кәсіпқой бокстың тірі аңызы, бұрынғы әлем чемпионы Рой Джонс орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жағдайына пікір білдірді. Жақында отандасымыздың допинг-тесті оң нәтиже көрсетіп, үлкен дау туындаған еді.
Жәнібек Әлімханұлымен айқаса алмаған чемпион қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)
Әу-баста кубалық боксшы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуы керек еді.
Қазақ әлем чемпионы армениялық боксшымен жұдырықтасады
Кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев (20-1, 11 КО) тағы бір маңызды жекпе-жекке дайындалып жатыр.
«Аяқтан шалу әдетке айналды» –Жанқош Тұраров допинг дауына жауап берді
Кәсіпқой бокста жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров отандасы Жәнібек Әлімханұлына қатысты туындаған допинг дауына реакция білдірді.
«Қазақ Титаны» бірінші раундта ауыр нокаутпен жеңіске жетті (ВИДЕО)
Таиланд астанасы Бангкокта өткен кәсіби бокс кешінде қазақстандық боксшы, «Қазақ Титаны» лақап атымен танымал Алмат Жұманов (7-1, 4 КО) рингке көтерілді.
Әлімханұлының допинг дауы аясында жаңа жанжал шықты
Соңғы күндері әлемдік кәсіпқой бокс төңірегінде жанжалдар үсті-үстіне шығып жатыр. Алдымен допинг-тесттен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы ұсталып қалса, араға бір тәулік салып әлемнің үздік боксшыларының бірі, абсолютті чемпион Теренс Кроуфорд WBC белбеуінен айырылды.
Александр Усик әлемнің үздік боксшысын атады
Украиналық боксшы pound-for-pound көшбасын атады.
«Тарихқа алтын әріппен жазылды» — Геннадий Головкин Бокс даңқ залына ресми енді
Қазақ боксының тірі аңызы Геннадий Головкин (GGG) International Boxing Hall of Fame (Бокс даңқ залының) 2026 жылғы класына ресми түрде қабылданды.
Жәнібек Әлімханұлын алмастырған боксшы алғаш рет үн қатты
Венесуэлалық нокаутшы Хоан Гонсалес (36-4, 34 КО) орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін кубалық Эрисланди Лараға (31-3-3, 19 КО) қарсы өтетін жекпе-жек алдында алғаш рет пікір білдірді. Бұған дейін бұл белбеуге Жәнібек Әлімханұлы таласуы тиіс еді. Алайда қазақстандық боксшының допинг-тесті оң нәтиже көрсеткеннен кейін айқас кейінге қалдырылды.
Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жазалауды сұрады
WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Лара өзінің жоспарланған қарсыласы — WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестен өте алмағаннан кейін оған қатысты санкциялар қолданылуы керек деп санайды.
Ангелина Лукас қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас БАӘ-де өткен бокс кешінде Танзания өкілі Эгине Каянгені нокаутпен жеңіп, WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін иеленді.
Кубалық чемпион Жәнібек Әлімханұлын жерден алып, жерге салды
Екі боксшы арасындағы жекпе-жек желтоқсанның 7-сі күні өтуі тиіс болған.
Жәнібек Әлімханұлының салмағында жеңілмеген қазақ боксшысына чемпиондық жекпе-жек берілді
Қазақ кәсіпқой боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов (20–0, 11 КО) орта салмақта WBC белбеуіне міндетті үміткер ретінде чемпион Карлос Адамеспен (Доминикан Республикасы, 24–1–1, 18 КО) жекпе-жек өткізу туралы тапсырма алды.
Үш нокдаунға созылған нокаут: Әлімханұлының салмағында WBA белбеуі сарапқа салынды
Орта салмақта (middleweight) Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасатын салмақта өткен титулды жекпе-жекте польшалық боксшы Кароль Вельтер (20–1, 8 КО) неміс Мисто Абдулаевты (11–2, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, WBA Baltic чемпиондық белбеуін иеленді.
Ангелина Лукас қарсыласымен көз арбасу кезінде төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)
Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы Ангелина Лукас (15–1, 8 КО) Дубайдағы жекпе-жек алдында өткен көз арбасу кезінде танзаниялық Эджин Каянгемен (12–8, 8 КО) итерісіп, тек ұйымдастырушылардың араласуымен ғана ажыратылды.
Теренс Кроуфорд ресми түрде абсолютті әлем чемпионы атағынан айырылды
Америкалық боксшы Теренс Кроуфорд енді екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы емес.