Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

кәсіпқой бокс

Тег бойынша кәсіпқой бокс жаңалықтары жинақталған: қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері, чемпиондық белбеулер үшін айқастар, WBC, WBO, WBA және IBF рейтингтеріндегі өзгерістер.
Жекпе-жек

Александр Усик пен Даниэль Дюбуа көз арбасу кезінде ерегесіп қалды (ВИДЕО)

Боксшылардың жекпе-жегі шілдеде өтеді. 

Жекпе-жек

Қазақстандық боксшы WBO рейтингінен шығып қалудың аз-ақ алдында тұр

Жуырда WBO барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. 

Жекпе-жек

Александр Усик пен Даниэль Дюбуа арасындағы реванш: Абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жектің күні белгілі болды

Украиналық аса ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Александр Усик (23-0, 14 KO) пен британдық боксшы Даниэль Дюбуа (22-2, 21 KO) ресми түрде реванш өткізетін болды. 

Жекпе-жек

Қазақстандық сұлу-боксшының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық кәсіби боксшы Балауса Мұздыман (7-0, 5 КО) 6 маусым күні Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. 

Жекпе-жек

"Канело" Альварес Биволмен реванш өткізгісі келеді

Екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO чемпиондық белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес ресейлік боксшы, жартылай ауыр салмақтағы WBA, IBF және WBO чемпионы Дмитрий Биволмен реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді. 

Жекпе-жек

Ангелина Лукас үлкен жекпе-жекті жариялады (ВИДЕО)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (14-1, 7 КО) жақын арада рингке оралуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды.

Жекпе-жек

"Мен оны құртамын". Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын дүр сілкіндірді

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) доминикандық WBC чемпионы Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) өтетін мүмкін жекпе-жек жайлы кезекті рет ашық мәлімдеме жасады.

Жекпе-жек

Қазақстандық боксшы Сергей Ковалевті ауруханаға түсірді (ВИДЕО)

Танымал ресейлік боксшы Сергей Ковалев (36 жеңіс, 5 жеңіліс, 1 тең) Германия атынан өнер көрсететін қазақстандық Артур Манннан (22 жеңіс, 5 жеңіліс) соң ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 

Жекпе-жек

Данияр Елеусінов аты аңызға айналған америкалық бапкермен жұмысын бастады

Олимпиада чемпионы кәсіби мансабындағы жаңа кезеңді бастады. Ол әйгілі америкалық бапкер Томас Янкелломен жаттығуға кірісті.

Жекпе-жек

Әлемдік бокс жұлдызы Амир Хан Астанада Жәнібек Әлімханұлымен кездесті (ВИДЕО)

Әлемге танымал боксшы, бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Амир Хан Астанаға ресми сапармен келді. Оны елге Пәкістан елшілігі арнайы шақырған, басты мақсат — Қазақстанмен спорттық байланыстарды нығайту, әсіресе бокс саласында.

Жекпе-жек

Баходир Джалолов: “Менің кумирім – Семейден шыққан боксшы”

Олимпиада чемпионы қазақстандық туманы үлгі тұтатынын айтты. 

Жекпе-жек

"Қазақ жауынгері" WBA белбеуін қорғау үшін тағы бір жеңілмеген боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, жеңіліс көрмеген Елшат Нығметолла (21-0-1, 8 KO) келесі жекпе-жегінің нақты уақыты мен қарсыласын білді.

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлының жеңісті құпиясы: Әжесінің естелігі (ВИДЕО)

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) жетістігінің артында оның отбасы — нақтырақ айтқанда, марқұм атасының ерен еңбегі жатыр.

Жекпе-жек

Боксшы бірінші раундтағы жеңілістен кейін төрешіге жұдырығын ала жүгірді (ВИДЕО)

Ауыр салмақта жұдырықтасқан ганалық боксшы Эбенезер Теттех ағылшындық Фрейзер Кларктан алғашқы раундта жеңіліп, төрешіге қарсы өз эмоциясын ұстай алмады. Оқиға Англияның Бирмингем қаласында болды. 

Жекпе-жек

Бокс "королі" атанған қазақ АҚШ-та нокаутерді жеңіп шықты (ВИДЕО)

Этникалық қазақ, Өзбекстан намысын қорғайтын Руслан Абдуллаев кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне жетті. Ол АҚШ-тың Калифорния штатындағы Оушенсайд қаласында өткен бокс кешінде рингке шықты.

Жекпе-жек

Қазақстандық "Жаңа Головкиннің" АҚШ-тағы жекпе-жегі сенсациямен аяқталды (ВИДЕО)

Садриддин Ахмедов Коммерс қаласындағы (Калифорния штаты) бокс кешінде мексикалық қарсыласы Элиас Эспадаспен тең түсті.

Жекпе-жек

Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы жекпе-жек алдында ресми түрде салмақ өлшеді (ВИДЕО)

Қазақстандық талантты боксшы Садриддин Ахмедов Калифорнияда өтетін үлкен жекпе-жекке дайын. Спортшы салмақ өлшеуден сәтті өтіп, қарсыласымен бетпе-бет кездесті.

Жекпе-жек

Сергей Ковалев рингтен кетіп бара жатып, Қазақстан тумасын аямай сабады (ВИДЕО)

Ресейлік экс-чемпион Сергей Ковалев кәсіби мансабын Челябіде өткен әсерлі жекпе-жекпен аяқтады. Оның соңғы қарсыласы — Ақтөбеде дүниеге келген неміс боксшысы Артур Манн болды.

Жекпе-жек

Қазақ ресейлік қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Өзбекстан атынан шығатын этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов (1-0, 1 KO) кәсіби мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіс тойлады. 

Жекпе-жек

Жолдас Жеңісов Сауд Арабиясында қарсыласын бруталды нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жолдас Жеңісов (9-0, 4 KO) Сауд Арабиясында өткен жартылай жеңіл салмақтағы WBC және Турки әл-Шейх ұйымдастырған Гран-при турнирінде керемет өнер көрсетті. Алғашқы кезеңде ол Испаниядан келген жеңіліп көрмеген Эльязид Эззайданиді (6-1, 4 KO) рингте бруталды тәсілмен тоқтатты.