Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

қазақ боксы

Тег астында қазақстандық боксшылардың кәсіпқой және әуесқой рингтегі жаңалықтары жинақталған: Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Данияр Елеусінов пен Геннадий Головкинге қатысты хабарлар, WBO, WBC шешімдері мен рейтингтер.
Жекпе-жек

"Мен дайынмын!" – Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын айқасқа шақырды

Орта салмақтағы WBO және IBF әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лараны жекпе-жекке шақырып, төрт негізгі белбеуді біріктіру жолындағы мақсатын тағы да айқын көрсетті.

Жекпе-жек

Иван Дычко кезекті айқасы алдында мәлімдеме жасады

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін боксшымыз Иван Дычко 13 қыркүйекте өтетін Канело – Кроуфорд супер жекпе-жегінің андеркарды аясында америкалық Джермейн Франклинге қарсы шығады.

Жекпе-жек

Әлем чемпионы болатын қазақстандық боксшы аталды

Сарапшылар оның әлеуетін жоғары бағалап, жақын жылдары әлемдік аренада топ жаратынына сенімді.

Жекпе-жек

Қазақ боксшыларының ӘЧ-дағы жекпе-жек кестесі жарияланды

World Boxing ұйымы 4–14 қыркүйек аралығындағы толық жекпе-жек кестесін жариялады.

Жекпе-жек

Назым Қызайбай бастаған бұрымды боксшыларымыз Британияға аттанды (ВИДЕО)

World Boxing аясында алғаш рет ұйымдастырылатын әлем чемпионаты 4-қыркүйекте Ливерпульде өтеді. 

Жаңалықтар

100 жылдық бокс мерейтойы: Геннадий Головкин Венгрияда құрметті қонақ атанды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті және World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссия төрағасы Геннадий Головкин Венгрияда өткен тарихи шараға қатысты.

Жекпе-жек

Бокстан ұлттық құрама бапкері ауысуы мүмкін

Қайрат Сәтжановтың орнына Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев келуі ықтимал.

Жекпе-жек

Қамшыбек Қоңқабаев ұлттық құрамаға оралмақ

Боксшы кәсіби мансабын жалғастыруды ойластырып жүр. 

Жекпе-жек

GGG шаршы алаңға орала ма? Боксшыға жекпе-жек ұсынылды

Бұл айқас рингке қайта оралатынын мәлімдеген Уорд үшін де, ұзақ жылдар бойы жанкүйерлер армандаған кездесу ретінде де тарихи оқиға болмақ.

Жекпе-жек

"Плинтустан да төмен". Белгілі бапкер қазақ боксы жайлы

Қазақстан боксының даңқты бапкері Тұрсынғали Еділов ұлттық құраманың қазіргі деңгейін қатты сынға алды. Оның айтуынша, бір кездері әлемге қауіп төндірген қазақстандық бокс қазір африкалық және индонезиялық қарсыластардан да жеңіліп жүр.

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлы 3 чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке келісті

Боксшының менеджері Карлос Адамеспен келіссөздердің барысы туралы айтып берді. 

Жекпе-жек

Назым Қызайбай мүлкін сатылымға шығарды

Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай чемпиондық жолындағы ең қымбат жәдігерін – шлемі мен қолғабын аукционға қойды.

Жекпе-жек

WBC рейтингі жаңарды: қазақстандық боксшылар төмен сырғыды

WBC жаңартқан рейтингте қазақстандық боксшылардың біразы төмендеді. Тек Мейірім Нұрсұлтанов қана өз дивизионында көшбасшылықты сақтап қалды.

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлы бокс аңызының ұлымен жұдырықтаса ма?

Жәнібек Әлімханұлы атақты боксшының ұлы Крис Юбенк-кішімен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Британдық боксшы Конор Беннді жеңген соң, мамандар оның келесі қарсыласы ретінде қазақстандық чемпионды атап отыр.

Жекпе-жек

Назым Қызайбайдың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті (ФОТО)

Ол өз қаражатына 40 баланы мектепке дайындап, аналардың алғысына бөленді.

Жекпе-жек

Ұлттық құрамада Сабырханға қатысты дау туды ма?

Қазақстан құрамасында Сабырханның төңірегінде пікірталас өршіп тұр: тәжірибелі Жүсіпов жас боксшыға қатысты өз ұстанымын білдірді.

Жекпе-жек

Елеусінов пен Дычко АҚШ-ты дүр сілкіндірмек! Салмақ өлшеу рәсімі өтті (ВИДЕО)

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен нокаут шебері Иван Дычко 20 шілдеде шаршы алаңға шығады — қарсыластар дайын, көз арбасу өтті!

Жекпе-жек

Бокс жұлдызына Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасу ұсынылды

Крис Юбэнк-кішіге Жәнібек Әлімханұлымен айқасу ұсынылды! IFL TV тізімінде қазақстандық чемпион әлемнің үздік боксшыларымен қатар аталды.

Жекпе-жек

5 жыл күткен жекпе-жек! Данияр Елеусинов АҚШ рингіне қайта оралады

Олимпиада чемпионы 19 шілде күні филиппиндік нокаутшыға қарсы жұдырықтасады. Бұл оның 2020 жылдан бергі Америкадағы алғашқы айқасы болмақ.

Жекпе-жек

Бекзад Нұрдәулетов олимпиадалық салмаққа ауысады

Қазақстандық бокс шебері Бекзад Нұрдәулетов Олимпиаданы көздеп, салмақ дәрежесін өзгертпек.