Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

оралу

Бұл бетте жарақат, операция, үзіліс не допингтен кейін спортқа қайта оралған спортшылар мен жаттықтырушылар туралы жаңалықтар жинақталған: Шавкат Рахмонов, Конор Макгрегор, Жәнібек Әлімханұлы, Елдос Сметов, Ислам Чесноков, Дик Адвокаат. Сондай-ақ клубтардың өз стадионына, елге және турнирлерге қайтуы қамтылады.
Жекпе-жек

Ангелина Лукас күшін қайта дәлелдейді

Қазақстандық кәсіби боксшы, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас өтпей қалған жеңілістен кейін небәрі екі аптада рингке қайта оралмақ.

Футбол

ҚПЛ клубы қорғаныс шебін күшейтпек

«Қайсар» трансфер терезесінде белсенді қадамға дайын. 

Жекпе-жек

Аңыз боксшы рингке оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам рингке қайта оралатынын ресми түрде жариялады. 

Жекпе-жек

Бес баланың анасы боксқа оралып, марапатқа ие болды

Қазақстан чемпионы, көпбалалы ана Әйгерім Сәттібаева Жамбыл облысы спорт федерациясынан «Өңір алдындағы еңбегі үшін» төсбелгісін алды. Бұл марапат оған аймақтағы спорттың дамуына қосқан үлесі мен табандылығы үшін берілді.

Футбол

«Шахтер» Премьер-лигаға оралу үшін жан алысып жатыр

Қарағандының «Шахтеры» Бірінші лигадағы соңғы тур алдында ҚПЛ-ға жолдама алу мүмкіндігін сақтап қалды. Бірақ команда 25-турда көшбасшы «Каспийден» жеңіліс тапты.

Жекпе-жек

«Канелоны» таңғалдырған нокаутшы Қазақстан чемпионатында жұдырықтасады

2025 жылғы Қазақстан чемпионаты Семейде ресми түрде басталды. Турнирге барлығы 371 боксшы тіркелген.

Футбол

Еркебұлан Сейдахмет: «Ақтөбемен» чемпион атанып, «Таразды» қайта көтеремін!»

«Ақтөбе» ФК жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет туған клубы «Тараздың» қазіргі жағдайы туралы ойын айтты. 

Футбол

«Қайраттың» темір қақпашысы оралды

Алматылық «Қайрат» Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековтің жарақатынан толық айығып, командаға қайта қосылғанын ресми түрде хабарлады.

Хоккей

«Барыс» ұлттық құрама шабуылшысымен келісімге келді

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Кирилл Панюков «Барыс» хоккей клубына оралады. 

Футбол

«Біз сені қатты сағындық, Батека!» — ҚФФ Зайнутдиновке ерекше құрмет көрсетті

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындарына дайындықты жалғастырып жатыр. Осыған орай ҚФФ (Қазақстан футбол федерациясы) баспасөз қызметі Мәскеудің «Динамо» клубының қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың суреттерін жариялады.

Жекпе-жек

Бокс аңызы рингке қашан оралатынын жариялады

Мэнни Пакьяо 47 жасында қайта жұдырықтасады.

Жекпе-жек

Допинг дауына іліккен өзбекстандық Олимпиада чемпионы рингке қайта оралады

2024 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбек боксшысы Лазизбек Муллажонов допинг дауы толық шешілмегеніне қарамастан кәсіби рингке қайта шығады. Ол жетінші жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр.

Футбол

«Өзімді әлі де бапкер сезінемін» – Зидан жоспарын ашық айтты

Зинедин Зидан бапкерлікке оралу жайлы пікір білдірді.

Футбол

Талғат Байсұфинов Қазақстан құрамасына үшінші рет оралды

Осы аптада Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ресми түрде ұлттық құрама бас бапкері міндетін Талғат Байсұфинов атқаратынын жариялады. Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Футбол

Жаңа маусымның сенсациясы: «Каспий» ҚПЛ-ға оралды

2026 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа қатысушысы белгілі болды. Ақтаудың «Каспий» клубы елдің басты футбол аренасына қайта қадам басты.

Жекпе-жек

Сәкен Бибосынов қайтадан рингке оралады

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов кәсіби мансабындағы екінші жекпе-жегін Бішкекте өткізеді.

Жекпе-жек

Қуат Хамитов тағы да жекпе-жексіз қалды

Қазақ жанкүйерлері күткен Қуат «Найман» Хамитовтың (26-8-2) жекпе-жегі тағы да өтпейтін болды. Қазақстандық файтер 14 қыркүйекке жоспарланған АСА 192 турнирінде ресейлік қарсыласы Анатолий Бойкомен (12-4) кездесуі тиіс еді. Алайда жарақатқа байланысты бұл айқас кейінге шегерілді.

Жаңалықтар

Сәбина Алтынбекованың Қазақстанға оралуы жеңіспен басталды

Қазақстанның ең танымал волейболшысы Сәбина Алтынбекова алты жылдық үзілістен кейін туған елінде алаңға шығып, алғашқы жеңіске жетті. Ол жаңа клубы – «Астана» сапында Қазақстан кубогының ойынында Маңғыстау облысының командасынан басым түсті.

Жекпе-жек

Тони Фергюсон қарсыласын нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

АҚШ-тың әйгілі ММА ардагері Тони Фергюсон ұзақ уақыттан кейін жеңіс дәмін татты. Ол Манчестерде өткен MF & DAZN X Series 22 турнирінде рингке шығып, бокс жекпе-жегінде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Жекпе-жек

"Рингті қатты сағындым": Бивол үнсіздікті бұзып, жанкүйерлеріне маңызды хабар жолдады

Жартылай ауыр салмақтағы біріккен әлем чемпионы Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) өзінің спорттық болашағына қатысты алғашқы мәлімдемесін жасады.