Юлия Путинцеваның Римдегі матчы сенсациямен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның үздік теннисшілерінің бірі Юлия Путинцева күтпеген жерден жарыс жолынан шығып қалды. 

Юлия Путинцеваның Римдегі матчы сенсациямен аяқталды
NUR.KZ

Әлемдік рейтингте 29-орында тұрған Юлия Путинцева Бельгия өкілі, 74-орын иегері Жаклин Кристианмен кездесті. Бұған дейінгі жеке кездесулерде басым түскен қазақстандық спортшы бұл жолы сенімді бастай алмады.

Алғашқы сет аса тартысты өтіп, есеп 6:6-ға жеткізді. Бірақ тай-брейкте Кристиан 7:2 есебімен басым түсті. Путинцева бұл сәтсіздіктен кейін эмоциясын ұстай алмай ракеткасын сындырып, кортқа да зақым келтірді.Ал екінші сет 7:5 есебімен аяқталды.

Осылайша Юлия Путинцева Римдегі WTA 1000 турнирінен бірінші айналымда-ақ шығып қалды. Бұл нәтиже жанкүйерлер үшін үлкен тосынсый болды, себебі Путинцева бұл турнирден кемі ширек финал күткен спортшылар қатарында болған еді.

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір