Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

2027 жылы Теннис даңқ залына енетін спортшылар белгілі болды

Бұл мәртебеге австралиялық Эшли Барти мен арбамен теннистен жапониялық Синго Куниэда ие болды.

2027 жылы Теннис даңқ залына енетін спортшылар белгілі болды
sports.ru

Халықаралық теннис даңқ залы 2027 жылы құрметті тізімге енгізілетін спортшылардың есімдерін жариялады. Бұл мәртебеге австралиялық Эшли Барти мен арбамен теннистен жапониялық Синго Куниэда ие болды.

Эшли Бартидің жетістіктері

Эшли Барти мансабында жекелей сында үш "Үлкен дулыға" турнирін жеңіп алды және олардың барлығында әртүрлі төсеніште топ жарды.

Ол 2019 жылы топырақтағы "Ролан Гарроста", 2021 жылы шөп төсенішіндегі Уимблдонда және 2022 жылы хардтағы Australian Open турнирінде чемпион атанды. Сонымен қатар Барти 2018 жылы US Open жарысының жұптық сынында жеңіске жеткен.

Дель Потро мен Кузнецова таңдалмады

2027 жылғы Теннис даңқ залына үміткерлер қатарында Хуан Мартин дель Потро мен Светлана Кузнецова да болған. Алайда олардың екеуі де қорытынды тізімге енбеді.

Tennis Updates басылымы әсіресе Кузнецованың таңдалмауына назар аударды.

"Хуан Мартин дель Потро мен Светлана Кузнецова да үміткерлер арасында болды, бірақ таңдалмады. Кузнецованың Даңқ залына енбеуі көбірек таңғалдырады. Өйткені оның жекелей және жұптық сында "Үлкен дулыға" турнирлерінде екі-екіден жеңісі бар", – деп жазды дереккөз.

Салтанатты рәсім 2027 жылы өтеді

Эшли Барти мен Синго Куниэданы Халықаралық теннис даңқ залына ресми қабылдау рәсімі 2027 жылдың тамызында өтеді.

Салтанатты шара АҚШ-тың Ньюпорт қаласында ұйымдастырылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?