Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елена Рыбакинаға тарихи жетістігі үшін сыйақы тағайындалды

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы нәтижелері үшін ақшалай сыйақыға ие болады.

Елена Рыбакинаға тарихи жетістігі үшін сыйақы тағайындалды
instagram/lenarybakina

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Қазақстан теннис федерациясында халықаралық жарыстардағы жетістіктері үшін спортшыларға сыйақы тағайындаудың жеке жүйесі қалыптасқан. Рыбакинаға берілетін қаржы федерацияның бюджеттен тыс қаражаты есебінен төленеді.

"Федерация тарапынан түрлі турнирлер мен жарыстардағы жеңістер үшін қаржыландыру мен сыйақы төлеудің арнайы жүйесі қарастырылған. Бұл бағытта Қазақстан теннис федерациясының президенті тиісті жұмыстарды жүйеледі. Сондықтан теннисші бюджеттен тыс қаражат есебінен белгілі бір көлемде сыйақы алады", – деді Ербол Мырзабосынов.

11 миллион доллардан астам табыс тапты

Қазақстандық теннисші WTA ұйымының ресми деректері бойынша 2026 жылғы маусымда жүлде қоры есебінен ең көп табыс тауып, рейтингте бірінші орынға шықты. 16 қарашадағы мәлімет бойынша, әлемнің бірінші ракеткасының биылғы жарыстардан тапқан жалпы жүлде қоры 11 134 420 долларды құрайды.

Рыбакинаның басты жетістіктерінің қатарында "Үлкен дулыға" санатындағы Australian Open және US Open турнирлерінің жеңісі бар.

WTA деректері бойынша 2026 жылғы маусымда ең көп жүлде қоры жинаған теннисшілер:

  1. Елена Рыбакина (Қазақстан) – 11 134 420 доллар
  2. Мирра Андреева (Ресей) – 10 522 615 доллар
  3. Арина Соболенко (Беларусь) – 8 585 243 доллар
  4. Линда Носкова (Чехия) – 8 286 284 доллар
  5. Коко Гауфф (АҚШ) – 7 757 496 доллар
Бұл туралы не ойлайсыз?