Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Анна Данилина WTA сыйлығына үміткер атанды

Қазақстандық теннисші Әйелдер теннисі қауымдастығының 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша табысталатын WTA Awards марапатына үміткерлер қатарына енді.

Анна Данилина WTA сыйлығына үміткер атанды
ҚТФ баспасөз қызметі

Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Fan Favorite: Doubles номинациясына ұсынылды. Бұл аталымда жанкүйерлердің таңдауы бойынша маусымның үздік жұптық дуэті анықталады.

Марапатқа үміткерлер тізіміне Катерина Синякова мен Тейлор Таунсенд (Чехия/АҚШ), Габриэла Дабровски мен Луиза Стефани (Канада/Бразилия), Кристина Младенович пен Го Ханьюй (Франция/Қытай) сынды әлемдік теннистегі танымал жұптар енген.

Данилина мен Крунич маусымды қалай өткізді?

2026 жылғы маусым Анна Данилина мен Александра Крунич үшін табысты болды. Қазақстандық-сербиялық дуэт Дохада өткен WTA 1000 санатындағы турнирде чемпион атанып, Australian Open және "Ролан Гаррос" жарыстарының финалына дейін жетті.

Сондай-ақ қос теннисші WTA қорытынды турниріне жолдама алғанымен, жарыс басталар алдында Александра Крунич тізесіндегі жарақатына байланысты қатысудан бас тартты. Нәтижесінде жұп турнирдегі кездесулерін өткізе алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?