Тимур Тайбеков ринг иесін бірінші раундта нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Тимур Тайбеков Бангкоктағы World Boxing ұйымының жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында (U19 және U22) әсерлі жеңіске жетті. 

Тимур Тайбеков ринг иесін бірінші раундта нокаутқа түсірді (ВИДЕО)
Instagram/@boxingkazakhstan

Бірінші раундтағы айқын басымдық

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Тайбеков жартылай финалда жергілікті боксшы Патипат Аимпорнмен кездесіп, жекпе-жекті алғашқы раундта-ақ нокаутпен аяқтады. Раунд барысында таиландтық спортшы екі рет нокдаунға түсті, содан кейін төреші айқасты тоқтатты.

Тарихи дода

Осылайша Тайбеков финалға жолдама алды, ал қарсыласы Патипат Аимпорн қола медальмен шектелді. Айта кетейік, бұл чемпионат — World Boxing ұйымы ұйымдастырған жастар арасындағы Азия біріншілігінің тарихындағы алғашқы жарыс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 7
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір