Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында "қолаға" қол жеткізді
Рауан Тоғызбай тартысты жекпе-жекте жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
sportarena.kz
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан U15 және U17 жас санатындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті медальді қамтамасыз етті.
61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Рауан Тоғызбай ширек финалда ирандық Ілияс Мехрабимен қолғап түйістірді.
Кездесу өте тартысты өтіп, төрешілер шешімімен 3:2 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды.
Осы жеңістің арқасында Рауан Тоғызбай жартылай финалға жолдама алды. Сөйтіп, кем дегенде өзіне қола медальді қамтамасыз етті.
Турнир ауқымы
Биылғы Азия чемпионаты соңғы жылдардағы ең ауқымды жарыстардың бірі саналады. 21 елден 460-тан астам жас боксшы қатысуда. Ол Asian Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet