Шавкат Рахмонов Германиядан оралып, жаттығуға кірісті

Бокс шолушысы

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Германиядағы операция мен оңалту кезеңінен кейін елге оралып, қайтадан жаттығу процесіне қосылды

Шавкат Рахмонов Германиядан оралып, жаттығуға кірісті
bjpenn.com

Қазақстанда жаттығу өткізді

Паралимпиада-2026 чемпионы Ербол Хамитов Instagram парақшасында Шавкат Рахмоновпен бірге өткен жаттығудан фото және видео жариялады. Кадрлардан дзюдошы әрі грэпплер Омар Нұрдәулетті де көруге болады. Ол видеода сенбі күнгі жоспарын бөліскен.

"Кешкі жаттығудан кейін", — деп жазды Ербол Хамитов әлеуметтік желідегі жазбасында.

Германияда ем қабылдады

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 2026 жылдың ақпан айында Германияға тізесіне қайта операция жасату және кейінгі оңалту курсынан өту үшін барған еді.

Тізесінде бұрыннан мазалап жүрген жарақаты қайта асқынған. Нақтырақ айтқанда, алдыңғы айқас байламына — ACL және менискіге қатысты мәселе тіркелген. Бұл жарақат Рахмоновты 2016 жылдан бері мазалап келе жатқаны айтылған.

Қазақстандық файтер Германияда белгілі маман Михаил Маркуарттың бақылауымен қалпына келу курсынан өтті.

Жанкүйерлер Рахмоновтың формасына алаңдаған

Әлеуметтік желілерде кейбір жанкүйерлер Шавкат Рахмоновтың қазіргі физикалық жағдайына қатысты алаңдаушылық білдірді. Олар спортшының бұлшықет массасы азайғанын байқаған.

Бірақ бапкер Эдуард Базров бұл пікірлерді жоққа шығарып, Рахмоновтың қазіргі формасы оңалту кезеңіне толық сәйкес келетінін мәлімдеді.