Мейіржан Жүніс — жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалында (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстандық боксшы Ташкентте жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында финалға жолдама алды.

Мейіржан Жүніс — жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалында (ВИДЕО)
Instagram/@boxingkazakhstan

U-17 жас санатында 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген Жүніс жартылай финалда Оңтүстік Корея боксшысы Чонмин Пакпен кездесті. Жекпе-жек барысында қазақ боксшысы басымдық танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін ол құрлық біріншілігінің финалына шықты. 

Айта кетейік, Ташкенттегі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр. Турнирде бокшсылар екі жас ерекшелігі бойынша — U-15 және U-17 санаттарында бақ сынауда.

Жарыс 15 мамырда аяқталады. Қазақстан бұл додаға төрт құрамамен қатысып жатыр: екі жас санатындағы ұлдар және қыздар командалары ел намысын қорғауда.