Қазақстандық жас боксшылар Азия чемпионатында 40 медаль жеңіп алды
Отандастарымыз Ташкентте U-15 және U-17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Ұлттық құрама жалпы медаль есебінде екінші орыннан көрінді.
Қазақстан жалпы есепте екінші болды
Азия біріншілігінде қазақстандық боксшылар барлығы 40 медаль жеңіп алды. Оның ішінде:
15 алтын,
11 күміс,
14 қола медаль бар.
Бұл нәтиже Қазақстан құрамасына жалпыкомандалық медаль есебінде екінші орын алуға мүмкіндік берді.
Бірінші орында – Өзбекстан
Жарыс қожайыны Өзбекстан құрамасы турнирдің үздік командасы атанды. Өзбек боксшылары жалпы 49 медаль иеленді:
22 алтын,
15 күміс,
12 қола.
Үздік үштікті Үндістан құрамасы түйіндеді. Үнді боксшылары 44 жүлде жеңіп алды. Олардың еншісінде 11 алтын, 13 күміс және 20 қола медаль бар.
U-17 санатында Қазақстан екінші орынға шықты
17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы медаль есебінде екінші сатыға тұрақтады. Бұл жас санатында отандастарымыз 16 медаль еншіледі:
8 алтын,
3 күміс,
5 қола.
U-17 санатында бірінші орынды Өзбекстан құрамасы алды. Олардың көрсеткіші – 9 алтын, 7 күміс және 6 қола. Ал Үндістан үшінші орынға жайғасты: 2 алтын, 7 күміс, 8 қола.
U-15 санатында Қазақстан үздік үштікке енді
15 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді. Бұл санатта қазақстандықтар 24 медаль жеңіп алды:
7 алтын,
8 күміс,
9 қола.
U-15 жарысында да Өзбекстан көш бастады. Алаң иелері 27 медаль алды: 13 алтын, 8 күміс, 6 қола. Екінші орын Үндістанға бұйырды. Үнді құрамасының қоржынында 27 медаль бар: 9 алтын, 6 күміс, 12 қола.
Ташкенттегі жасөспірімдер арасындағы құрлықтық дода Asian Boxing және World Boxing ұйымдарының аясында ұйымдастырылды.