Ұлттық құрама боксшылары шеберліктерін шыңдау үшін Өзбекстанға аттанды

Бас редактор

Оқу-жаттығу жиынына Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан және Оңтүстік Корея құрамалары да қатысып жатыр.

Ұлттық құрама боксшылары шеберліктерін шыңдау үшін Өзбекстанға аттанды
Vesti.kz

Қазақстан ерлер құрамасы Қытайда өтетін бокстан Әлем кубогы кезеңіне дайындықты бастады. Ұлттық команда оқу-жаттығу жиынын Өзбекстанның Янгиабад қаласында өткізіп жатыр.

Жиынға Қазақстан құрамасының негізгі боксшылары қатысуда. Команданы бас бапкер Нұржан Насанов бастап барды.

Янгиабадтағы оқу-жаттығу жиынына тек Қазақстан құрамасы ғана емес, Өзбекстан, Тәжікстан және Оңтүстік Корея боксшылары да қатысып жатыр.

Бұл дайындық процесінің деңгейін арттырып, спортшыларға әртүрлі мектеп өкілдерімен спарринг өткізуге мүмкіндік береді. Әсіресе Қытайдағы Әлем кубогы кезеңі алдында мұндай халықаралық жиын боксшылардың бабын тексеруге маңызды алаң болмақ.

Қазақстан құрамасының көшбасшылары сапта

Қазақстан құрамасы бұл жиынға мықты құраммен барды. Дайындыққа ұлттық команданың бірінші нөмірлері қатысып жатыр.

Олардың қатарында Төрехан Сабырхан, Махмұд Сабырхан, Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Санжар Тәшкенбай, Сабыржан Аққалықов және басқа да жетекші боксшылар бар.