Златан Ибрагимович пен Тайсон Фьюри жекпе-жек өткізеді. Уақыты белгілі

Бас редактор

Айқастың нақты регламенті әзірге белгісіз. 

Златан Ибрагимович пен Тайсон Фьюри жекпе-жек өткізеді. Уақыты белгілі
mma.metaratings.ru

Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри рингке оралатыны белгілі болды. Британдық боксшының жекпе-жегі 1 тамыз күні Ирландияның Дублин қаласында өтеді. Қарсыласы — әлем футболының жұлдызы Златан Ибрагимович.

Фьюри мен Златан жекпе-жекті өздері жариялады

Тайсон Фьюри мен Златан Ибрагимович алдағы кездесу туралы әлеуметтік желі арқылы хабарлады. Алайда айқастың регламенті, раунд саны және ережелері әзірге жарияланған жоқ.

"Жекпе-жек 1 тамызда Дублинде, Ирландияда өтеді. Тайсон Фьюри, Турки әл-Шейх — бокстың бұрынғы даңқын қайтарамыз", — деп жазды 44 жастағы Ибрагимович әлеуметтік желідегі парақшасында.

Златан Ибрагимович футболдағы мансабымен ғана емес, мінезімен де танылған спортшы. Швед шабуылшысы алаңда әрдайым эмоциясымен, батылдығымен және физикалық қуатымен ерекшеленді.

Сонымен қатар Ибрагимович бұған дейін каратэ және таеквондомен айналысқан. Оның қара белбеуі бар екені де белгілі.