Қазақстан таеквондодан АЧ-2026 турнирінде үшінші медалін жеңіп алды
Назым Махмұтова Азия чемпионатында қола медаль еншіледі.
Sportarena.kz
Қазақстан құрамасының қоржыны Ұлан-Батырда таеквондодан өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында тағы бір медальмен толықты. Қазақстандық спортшы Назым Махмұтова құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Жартылай финалда Назым Махмұтова Қытай өкілі Сун Цземен кездесті. Финал жолдамасы үшін өткен тартысты айқаста қытайлық спортшы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасында үш қола бар
Назым Махмұтованың жүлдесінен кейін Қазақстан құрамасының Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатындағы медаль саны үшке жетті.
Бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов 54 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ 74 келіге дейінгі салмақта Эльдар Бірімбай да құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet