Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Алтын Шағаеваның белдесуі күтпеген нәтижемен аяқталды

Қазақстандық балуан Алтын Шағаева Астанадағы әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізе алмады. 

Алтын Шағаеваның белдесуі күтпеген нәтижемен аяқталды
Спортты дамыту дирекциясы

Қола медаль үшін белдесуде жеңілді

Әлем чемпионатының үшінші орын үшін өткен кездесуінде Алтын Шағаева моңғолиялық Болортуя Хурэлхуумен күш сынасты. Алайда қазақстандық балуан қарсыласына төтеп бере алмады. Моңғолиялық балуан бірінші кезеңнің өзінде мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, қола медальді иеленді. Сөйтіп Алтын Шағаева Астанадағы әлем біріншілігін бесінші орынмен аяқтады.

Алтын Шағаева әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін сәтті өткізген. Ол түркиялық Бедиха Гюнді 3:1 есебімен жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.

Ширек финалда Польшадан келген Йовита Вжесеньмен кездесіп, 5:1 есебімен басым түсті. Дегенмен жартылай финалда қазақстандық балуан үндістандық Манишадан жеңіліп, алтын медаль үшін таласу мүмкіндігінен айырылды.

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы нәтижесі

Еске салайық, күрестен 2026 жылғы әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өтіп жатыр. Әйелдер күресіндегі 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 18 балуан бақ сынады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы өз жерінде ұйымдастырылған әлем біріншілігінде төрт қола медаль жеңіп алды.

Қола жүлдегерлер:

  • Зейнеп Баянова — әйелдер күресі;
  • Исхар Құрбаев — грек-рим күресі;
  • Айдос Сұлтанғали — грек-рим күресі;
  • Бағдат Сабаз — грек-рим күресі.

Әлем чемпионатында қазақстандық балуандардың жүлде үшін бәсекесі жалғасуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?