Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Сметов 49 сатыға көтерілді: Қазақстандық дзюдошылардың жаңа рейтингі шықты

Абу-Дабиде өткен додада тек екі спортшы жүлдеге іліккенімен, бірқатар дзюдошы рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартты.

Сметов 49 сатыға көтерілді: Қазақстандық дзюдошылардың жаңа рейтингі шықты
olympic.kz

Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінен кейін Халықаралық дзюдо федерациясы әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасынан тек екі спортшы жүлдеге іліккенімен, бірқатар дзюдошы рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартты.

Мәселен, 60 келі салмақта қола медаль иеленген Талғат Орынбасар бірден бес орынға жоғарылап, әлемдік рейтингте 20-орынға шықты. 2005 жылы Шымкентте туған спортшы бұған дейін кадеттер арасында екі дүркін Азия чемпионы атанып, жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаттарында да жүлде алған. Сонымен қатар ол Grand Slam кезеңдерінде бірнеше рет финалға шығып, қола медаль иеленген.

Ал 100 келіде қола жүлде алған Марат Байқамұров төрт сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 13-орынға тұрақтады. 1998 жылы Шымкентте туған дзюдошы бұған дейін Grand Slam кезеңдерінде бірнеше жүлде жеңіп, 2026 жылы осы сериядағы турнирдің бірінде чемпион атанған.

Сметов бірден 49 орынға жоғарылады

Абу-Дабиде жүлде алмаған дзюдошылардың арасында ең үлкен өсім Елдос Сметовте тіркелді.

60 келіде өнер көрсететін Олимпиада чемпионы рейтингте бірден 49 сатыға көтеріліп, 65-орынға шықты.

  • Ғұсман Қырғызбаев 66 келіде үш орынға көтеріліп, 22-орынға;
  • Жалғас Қайролла 81 келіде 11 саты жоғарылап, 17-орынға;
  • Айдар Арапов 90 келіде үш орынға көтеріліп, 25-орынға жайғасты;
  • Ақылжан Жұбатқанов 66 келіде үш саты төмендеп, 49-орынға орналасты.
Бұл туралы не ойлайсыз?