Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нұрсұлтан Алтынбек Қазақстан чемпионатында "алтын" алды

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші кездесуінде Қызылорда облысының өкілі Нұрсұлтан Алтынбек Шымкент қаласының боксшысы Бексұлтан Күжанжармен жұдырықтасты.

Нұрсұлтан Алтынбек Қазақстан чемпионатында "алтын" алды
Offside.kz

Бокстан Таразда Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр. 

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші кездесуінде Қызылорда облысының өкілі Нұрсұлтан Алтынбек Шымкент қаласының боксшысы Бексұлтан Күжанжармен жұдырықтасты.

Финалдық жекпе-жекте Нұрсұлтан Алтынбек барлық үш раундта сенімді өнер көрсетіп, қарсыласынан басым түсті. Төрешілер шешімі бойынша жеңіс Қызылорда облысының өкіліне берілді. Осылайша, Нұрсұлтан Алтынбек 55 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионы атанды.

Алтынбектің халықаралық жетістіктері бар

Нұрсұлтан Алтынбек – жастар арасында да, ересектер арасында да өзін танытып үлгерген боксшы:

  • 2023 және 2024 жылдары U22 санатында екі рет Азия чемпионы атанды;
  • ересектер арасында Қазақстан чемпионатын жеңді;
  • 2025 жылы Бразилияда өткен бокстан Әлем кубогы кезеңінде топ жарды.

Енді Алтынбек ел чемпионатындағы тағы бір алтын жүлдені қоржынына қосты.

Бұл туралы не ойлайсыз?