Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Барлық жаңалықтар

Теннис

Eurosport Бубликтің матчын жылдың үздік бестігіне енгізді

Францияның Eurosport редакциясы 2025 жылы ерлер теннисінде өткен ең үздік бес матчтың тізімін жариялады. Рейтингке «Үлкен дулыға» турнирлерінің де, ATP турының да кездесулері кірген.

Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева — әлемнің үш дүркін чемпионы

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2025 жылғы блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жетіп, бұл форматта үшінші мәрте алтын медаль еншіледі. Осылайша 21 жастағы спортшы әйелдер арасындағы блиц шахмат тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған санаулы ойыншылардың қатарына кірді.

Хоккей

«Барыс» 2025 жылдың соңғы ойынында фаворитті тізе бүктірді (ВИДЕО)

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың 2025 жылғы соңғы матчында Омбыда «Авангардты» 4:2 есебімен жеңіп, маусымдағы ең жарқын сенсацияларының бірін жасады.

Футбол

«Ақтөбе» бас бапкерге қатысты мәселені шешті

«Ақтөбе» ФК келесі маусымда да болгариялық маман Николай Костовпен жұмысын жалғастырмақ.

Бәрі-бір

Жұлдыз Әбдукәрімова анасына Астанадан пәтер алып берді

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдукәрімова анасына қымбат сыйлық жасап, Астанадан пәтер сатып алып бергенін айтты. Өнер иесі жаңа баспананы әлеуметтік желіде видео арқылы көрсетіп, бұл күнге бірнеше жыл дайындалғанын жеткізді.

Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева қарсыласын қапы қалдырып, блицтен ӘЧ финалына шықты

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц шахматтан әлем чемпионатының алғашқы финалисі атанды. Отандасымыз жартылай финалда Қытай өкілі Чжу Цзиньэрді айқын басымдықпен жеңді. 

Ойыннан тыс

Энтони Джошуаның жол апатынан кейінгі жағдайы белгілі болды

Әлемге әйгілі британдық суперауыр салмақтағы боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа Нигерияда болған ауыр жол-көлік оқиғасынан кейін ауруханаға жеткізілді. Шетелдік БАҚ мәліметінше, спортшының жағдайы тұрақты.

Ойыннан тыс

Дастан Сәтпаев алғаш рет сүйіктісін көрсетті

Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты тың жаңалығын жариялады. 17 жастағы футболшы Instagram парақшасында қысқы демалыстан түсірілген суретін көрсетіп, жанындағы бойжеткеннің өзіне жақын адам екенін аңғартты.

Ойыннан тыс

Аида Әбікеева сынған қолмен жұдырықтасып, Азия чемпионатында топ жарды

Қарағандылық боксшы, Қазақстан құрамасының өкілі Аида Әбікеева ауыр жарақатына қарамастан рингке шығып, Азия чемпионатында жеңіске жеткені белгілі болды. Бұл ақпаратты спортшының бапкері Ислам Әбдірайымов «Ласточка шахтерского города» деректі фильмінде айтып берді. Аталған фильм 27 желтоқсанда жарық көрген.

Жаңалықтар

1XBET Қазақстандағы үздік букмекер атағы үшін бақ сынауда: халықтық дауыс беру басталды

Бұл сыйлық Қазақстандағы спорт индустриясының үздік өкілдерін анықтайды.

Футбол

Бауыржан Исламхан болашағы туралы айтты

Қазақстан құрамасының экс-капитаны Бауыржан Исламхан «Астана» ФК келісімшарт мерзімі біткенін мәлімдеп, әзірге қай командада өнер көрсететіні нақты емес екенін айтты.

Футбол

Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Жетісуға» оралды

Талдықорғанның «Жетісу» ФК Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Асхат Балтабековтің командаға қайта қосылғанын ресми түрде жариялады. Клуб ақпаратынша, жергілікті футбол мектебінің түлегі туған ұжымына оралып, алдағы маусымдағы мақсаттарға бірге жұмыс істемек.

Жекпе-жек

Қазақ тайбоксшысы Ресей чемпионын нокаутпен жеңді

Бақтияр Нариманов мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Футбол

"Астана" шабуылшысы ресейлік клубқа тегін өтетін болды

Джеффри Чинеду "Астана" сапынан тегін кетпек.

Жекпе-жек

Спорт министрі Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына қатысты үш белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шықпай қалған еді.

Футбол

Көкшетаулық клуб жекенің қолына өтетін болды

Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубы жақын уақытта жекеменшік басқаруға берілуі мүмкін.

Футбол

"Манчестер Сити" АПЛ жұлдызын сатып алуға жақын

Борнмут» клубының вингері Антуан Семеньо алдағы 48 сағат ішінде «Манчестер Сити» сапына ауысады.

Жаңалықтар

Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатына қатысады

Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңде (Қытай) өтетін Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының ресми тізімі жарияланды.

Футбол

"Қайратқа" ЧЛ гол соққан ойыншы ҚПЛ клубына ауыспақ

Диогу Пинту "Олимпия" командасының сапында биыл "Қайратқа" гол соққан еді.

Ойыннан тыс

Түркістанда Сәкен Бибосыновқа ерекше құрмет көрсетілді

Түркістанда Жаңа жыл қарсаңында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров әлем чемпионаттарының жеңімпазы мен жүлдегерін марапаттап, оларға жаңа автокөліктердің кілтін табыстады.