Барлық жаңалықтар
Қазақстан Уругвайға қарсы камбэк жасады
Шағын футболдан Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Уругвайды 4:1 есебімен ұтып, F тобында екінші орынға көтерілді.
«Сары түс мені үнемі қуып жүргендей»: Сәбина Алтынбекова жанкүйерлерін мәз қылды
Қазақстандық танымал волейболшы, әлеуметтік желілердің жұлдызы Сәбина Алтынбекова Instagram-парақшасында тағы да ерекше жазбасымен көзге түсті. Спортшы сторисінде өзіне тән жеңіл әзілмен: «Сары түс анық мені қуалап жүр» деген мазмұнда ой бөлісіп, жанкүйерлерін күлдірді.
Қазақстандық таэквондошы әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)
Бейбарыс Қаблан (WT) нұсқасы бойынша 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Жарыс Кенияда өтіп жатыр.
Үш нокдаунға созылған нокаут: Әлімханұлының салмағында WBA белбеуі сарапқа салынды
Орта салмақта (middleweight) Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасатын салмақта өткен титулды жекпе-жекте польшалық боксшы Кароль Вельтер (20–1, 8 КО) неміс Мисто Абдулаевты (11–2, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, WBA Baltic чемпиондық белбеуін иеленді.
«Жұбайынан күтпеген соққы»: Беркут пен Аишаның биі желіні күлдірді
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Беркут пен Аиша Instagram желісінде жариялаған күлкілі видеосымен көпшіліктің көңілін көтерді. Жанкүйерлер сүйікті жұбын әзілге жақын, өмірге позитивпен қарайтын ерлі-зайыптылар ретінде тағы бір қырынан көрді.
IBA ӘЧ-2025: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында шаршы алаңға шығатын қазақстандық былғары қолғап шеберлері алғашқы қарсыластарын білді. Дубайда өтіп жатқан дүбірлі додада ұлттық құрама 13 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Неше ҚПЛ клубы жекешелендірілді? Үкімет нақты дерек ұсынды
Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын футбол клубтарын жекешелендіру процесі жалғасып жатыр.
«Жауабынан гөрі сұрағы көп»: Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы туралы не белгілі?
Кеше қазақстандық жанкүйерлер күтпеген жаңалық естіді. Жәнібек Әлімханұлы Сан-Антониода Эрисланди Ларамен жекпе-жекке төрт-ақ күн қалғанда тапсырған допинг-тестінен оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Соның салдарынан көптен күткен жекпе-жек ресми түрде тоқтатылды.
Ангелина Лукас қарсыласымен көз арбасу кезінде төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)
Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы Ангелина Лукас (15–1, 8 КО) Дубайдағы жекпе-жек алдында өткен көз арбасу кезінде танзаниялық Эджин Каянгемен (12–8, 8 КО) итерісіп, тек ұйымдастырушылардың араласуымен ғана ажыратылды.
Серіктестік күтіп тұр. «Елімай» бас бапкері Андреа Пирломен кездесті
Бұл туралы Андрей Карпович өзінің инстаграм парақшасында жария етті.
Талғат Байсуфиновтың Қазақстан құрамасындағы болашағы белгілі болды
Естеріңізге салсақ, Талғат Маруанұлы ұлттық құрама тізгінін күзде алған еді.
Теренс Кроуфорд ресми түрде абсолютті әлем чемпионы атағынан айырылды
Америкалық боксшы Теренс Кроуфорд енді екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы емес.
Спорт министрлігі Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі оның допинг-сынамасындағы оң нәтижеге байланысты тоқтатылғанын растады.
Қанша "алтын" бұйырады? Бүгін бокстан ӘЧ басталады
Дубайда өтетін дүбірлі додада әлемнің 95 елінен келген боксшы бақ сынайды.
Ермахан Ыбырайымов Жәнібек Әлімханұлына қолдау білдірді
Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді.
Қазақстандық семсершілер әлем кубогы кезеңінде үздіктер қатарына енді
Қазақстандық спортшылар жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді.
АПЛ клубтары "Реал" жұлдызын сатып алуға дайын
«Ливерпуль» және «Арсенал» 85-90 миллион еуро жұмсауға дайын.
Назым Қызайбай World Boxing рейтингінде орнын жоғалтты
Халықаралық World Boxing ұйымы 2025 жыл қорытындысы бойынша әйел боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Ұлттық құрама капитаны Назым Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақта көшбасшылық орнын беріп қойды.
Қазақстан үстел теннисінен тарихи әлем чемпионатына дайындалуда
Қазақстан үстел теннисі федерациясы мен Olimpbet компаниясы серіктестікті 2027 жылға дейін ұзартты. Нәтижесін көрсеткен әріптестік жаңа жобалармен жаңа кезеңге қадам басты.
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлының промоутері мәлімдеме жасады
Оқиғаның мән-жайын VADA ұйымының тексерісі анықтамақ.