Барлық жаңалықтар
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Өзбекстанда сәтсіздікке ұшырады
Өзбекстанның Чирчик қаласында өткен халықаралық бокс турнирі қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз аяқталды. Жарысқа елімізден 22 боксшы қатысқанымен тек төртеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Диас Ахметшәріптің жағдайы белгілі болды
Туризм және спорт министрінің кеңесшісі, қазақстандық танымал журналист Диас Ахметшәріп дәрігерлердің бақылауында.
Қазақстанның үздік теннисшісі Римдегі турнирді жеңіспен бастады
Александр Бублик Италия астанасы Римде өтіп жатқан ATP Masters 1000 турнирін сәтті бастады. Әлемдік рейтингте 76-орында тұрған Бублик алғашқы айналымда ресейлік қарсыласы Роман Сафиуллинмен (ATP №77) кортқа шықты.
Дэвид Бекхэм ағылшын клубын сатып алды
Ағылшынның төменгі лига клубы "Солфорд Сити" иелік құқығын ресми түрде өзгертті. Енді команданың негізгі иелері — Дэвид Бекхэм, Гари Невилл, сондай-ақ америкалық кәсіпкер Деклан Келли мен лорд Мервин Дэвис болмақ. Олар директорлар кеңесінің теңтөрағасы ретінде қызмет етеді
Дастан Сәтпаев кумирін атады
Жас шабуылшы Михаил Мудрикке ерекше ықылас білдірді.
Неге Қазақстан дзюдодан Өзбекстаннан артта қалып отыр?
Азия чемпионатындағы нәтижелерден кейін сарапшылар жүйелік айырмашылықтарға назар аударып жатыр.
Қазақстан велошабандоздары халықаралық жарыста үш "алтын" жеңіп алды
Өзбекстанның Наманган қаласында өткен Silk Way Namangan халықаралық турнирінде трек велоспортынан ұлттық құрама жарқын жеңіске жетті. Отандастарымыз барлығы бес медаль иеленіп, үш мәрте тұғырдың ең биігіне көтерілді.
Юлия Путинцеваның Римдегі матчы сенсациямен аяқталды
Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның үздік теннисшілерінің бірі Юлия Путинцева күтпеген жерден жарыс жолынан шығып қалды.
Бразилиялық Олимпиада чемпионы домбыра тартты
Астанадағы Үлкен дулыға турниріне келген әйгілі бразилиялық дзюдошы Рафаэльа Силва домбыраны қолына алып, қазақ тілінде сәлем жолдады.
"Астана Арена" мен "Алау" үшін тағы да миллиардтар сұралды
Астанадағы екі ірі спорт нысанын қайта жаңартуға 20,9 млрд теңге бөлу жоспарланған.
Криштиану Роналду сүйіктісінің киімі сынға ұшырады (ФОТО)
Португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың сүйіктісі, модель Джорджина Родригес Met Gala 2025 шарасындағы көрінісі үшін ресейлік желі қолданушылары тарапынан сынға ұшырады.
ПСЖ жеңісі трагедияға ұласты: Жанкүйерлерді көлік таптап кетті (ВИДЕО)
ПСЖ-ның Чемпиондар лигасының финалына шығуы Парижде қайғылы оқиғамен аяқталды. Елисей алаңдарында команданың жеңісін тойлап жатқан жанкүйерлер тобын көлік соғып, бірнеше адам жарақат алды.
Зарина Диас Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Асу Алмабаев өзбектің мықтысымен жұдырықтаспақ
Екеуінің кездесуі 26 шілдеде Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде өтпек.
Эльдор Шомуродов Италия чемпионатының үздігі атанды
Италияның А Сериясының 35-турына арналған апталық символикалық құрам белгілі болды. Бұл тізімге өзбекстандық шабуылшы Эльдор Шомуродов та кірді. Бұл туралы мәліметті беделді WhoScored аналитикалық платформасы жариялады.
Самат Смақов жанжалдан кейін қайтадан алаңға шықты (ВИДЕО)
Талдықорғандық "Жетісу" ФК бас бапкері Самат Смақов командасының жаттығу сәтінде белсенділік танытып, алаңға оралды.
Елдос Сметов елге оралып, жанкүйерлерге үндеу жасады
Олимпиада чемпионы Grand Slam турниріне қолдау көрсетуге шақырды.
Қазақстандық екі боксшы Өзбекстандағы турнирдің финалына шықты
Өзбекстанның Чирчик қаласында өтіп жатқан халықаралық бокс турнирінде финалға жолдама алған спортшылардың есімдері белгілі болды. Қазақстан құрамасының екі өкілі шешуші кезеңде шаршы алаңға шығады.
Шавкат Рахмонов UFC титулынан уақытша шеттетілді
Қазақстандық жанкүйерлер үміт артқан Шавкат Рахмонов қазір UFC титулы үшін таласқа түсе алмайды. Бұл туралы танымал Athlon Sports басылымы мәлім етті. Олардың пікірінше, жартылай орта салмақтағы басты фавориттердің бірі болғанына қарамастан Рахмонов жақын арада чемпиондық жекпе-жекке шыға алмайды.
Роналду — Бензема дуэлі камбэкпен аяқталды (ВИДЕО)
Сауд Арабиясы чемпионатының 30-турында "Әл-Наср" өз алаңында "Әл-Иттихадпен" алғашқы таймда екі гол басымдықпен алда келе жатып, ақыры жеңіліп қалды.