Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер
Сұлтан Данияр

Сұлтан Данияр

Шолушы
Данияр Сұлтан — penalty.kz сайтының жекпе-жек шолушысы, басылымда 2024 жылдан бері жазып келеді. Оның негізгі тақырыбы — бокс пен аралас жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлының белбеу үшін айқастары, Шавкат Рахмоновтың UFC-ге оралуы, Данияр Елеусіновтің дайындығы, Никита Цзюдің кештері және әлем чемпионаттарындағы қазақ балуандарының жеңістері. Сонымен қатар футбол рубрикасында "Қайрат", "Ордабасы" мен ҚПЛ клубтарының, ұлттық құраманың және Дастан Сәтпаев секілді Еуропадағы қазақстандықтардың жаңалықтарын, хоккей мен теннис оқиғаларын қадағалайды. Жалпы саны үш мыңнан астам материал жариялаған.
Футбол

Бүгін "Қайрат" пен "Астананың" плей-оффтағы қарсыластары анықталады

4 тамыз күні қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін маңызды сәт болады. "Қайрат" пен "Астананың" еурокубоктардағы келесі қарсыластары анықталады. Плей-офф кезеңінің жеребесі UEFA-ның ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жекпе-жек

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі

Афиныда еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Бекасыл Асамбек керемет нәтиже көрсетті.

Футбол

"Ақтөбе" еурокубоктан кейін есін жиған жоқ (ВИДЕО)

Қазақстан Премьер-Лигасының 19-турында "Ақтөбе" мен елордалық "Жеңіс" кездесті. Көпшілік үшін күтпеген нәтиже тіркеліп, алаң иелері өз жанкүйерлері алдында жеңіліс тапты. 

Жекпе-жек

Нокаут, жеңіс және ауыр жеңілістер. Азия чемпионатының үшінші күні қалай аяқталды?

Таиланд астанасы Бангкокта бокстан жастар арасында Азия чемпионатының үшінші күні аяқталды. Қазақстан құрамасы үшін бұл күн аралас нәтижелермен есте қалды. Алғашқы медаль бұйырғанымен бірнеше спортшы жарыс жолынан шығып қалды.

Хоккей

"Барыстың" жаңа бас бапкері Астанаға ұшып келді

Астаналық "Барыс" ХК жаңа бас бапкері болып тағайындалатын ресейлік маман Михаил Кравец елордаға келіп жетті. 

Жекпе-жек

Қазақстан нокаутпен Азия чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды (ВИДЕО)

Қазақстандық жас боксшы Гүлназ Бөрібаева жастар арасындағы Азия чемпионатының (U-19, U-22) ширек финалында керемет жеңіске жетіп, ел қоржынына алғашқы медальді салды.

Теннис

Елена Рыбакина Монреаль турнирінде камбэк жасады (ВИДЕО)

Қазақстандық теннисші Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Жекпе-жек

"Қан, тер және нокаут!" — Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатының екінші күнінде не көрсетті?

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия-2025 жастар чемпионатының екінші күні Қазақстан үшін қуантарлық әрі ауыр сәттермен есте қалды.

Футбол

"Қайрат" жеңіске жетіп, жеке дара көш бастады (ВИДЕО)

Алматының "Қайраты" ел біріншілігінің 19-турында Жезқазғанның "Ұлытауына" қарсы маңызды жеңіске жетті. Бұл кездесу турнирлік кестеде бірінші орын үшін шешуші сәттердің бірі болды.

Жекпе-жек

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатын нокаутпен бастады (ВИДЕО)

Таиланд астанасы Бангкок қаласында жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Нұрислам Қалдыбаев қарсыласын нокаутпен жеңді. 

Футбол

Лионель Месси АҚШ-та басшылық қызметке ұсыныс алды

Әйгілі аргентиналық шабуылшы Лионель Месси жақын арада "Интер Майамимен" келісімін ұзартып, АҚШ-тағы мансабын жалғастырады.

Бәрі-бір

UFC чемпионы қазақ файтерлерін көлігімен жеткізіп тастады (ВИДЕО)

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы мықты файтері, грузиялық Мераб Двалишвили Лас-Вегаста өткен жаттығудан кейін қазақ файтерлеріне қолдау көрсетті. Ол Әліби Ыдырыс пен Дастан Амангелдіні көлігімен жаттығу залынан үйге дейін жеткізді.

Жаңалықтар

Новак Джокович футбол клубына инвестиция салады

Әлемдік теннистің аңызы, 24 мәрте "Үлкен дулыға" турнирінің чемпионы сербиялық Новак Джокович енді футбол бизнесіне бет бұрды. Ол Францияның "Ле-Ман" клубының инвесторлары қатарына қосылады. Бұл жөнінде беделді L'Équipe басылымы мәлімдеді.

Жекпе-жек

"Мен бүгін өліп қала жаздадым!" — Назым Қызайбай бас бапкерге қатысты "шындықты" айтты (ВИДЕО)

Әйелдер арасында бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай ел құрамасының қазіргі жағдайы мен бапкерлердің қарым-қатынасы туралы ашық мәлімдеді. Жетекші боксшы Instagram парақшасында Елдос Сайдалин жетекшілік ететін оқу-жаттығу жиыны жайлы жанайқайын жеткізді.

Жекпе-жек

Қуат Хамитов октагонға қайта оралатынын мәлімдеді: Қолында төрт ұсыныс бар

Танымал қазақстандық ММА жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов жақын уақытта октагонға қайта шығуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Жекпе-жек

Қазақстандық боксшылар Өзбекстан мен Жапонияны нокаутпен талқандады

Таиланд астанасы Бангкоктағы жастар арасындағы Азия чемпионатын Қазақстан құрамасы сәтті бастады. 

Жекпе-жек

"Қазақтың қуатын көрсетейін": Батыр Жүкембаев Турки Аль аш-Шейхтен мүмкіндік сұрады

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO) Сауд Арабиясындағы ең ірі бокс шоуларының ұйымдастырушысы, Турки Аль аш-Шейхке ашық өтініш жолдады.

Авто

Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу қайта іске қосыла ма?

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесиелеудің болашағына қатысты сұраққа жауап берді.

Жекпе-жек

Бокстан Азия чемпионаты: Айым Таңқыбаева мен Аяжан Ермек қарсыластарын ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Бангкокта World Boxing ұйымы ұйымдастырған жастар мен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатын қазақстандық қыздар сенімді жеңіспен бастады.

Хоккей

Талғат Жайлауов "Барысқа" қайта оралады

Қазақстан хоккейіндегі аты аңызға айналған тұлға Талғат Жайлауов "Барыс" клубына қайта оралудың алдында тұр.