Қазақстандық атлет Азия чемпионы атанып рекорд орнатты (ВИДЕО)
Астанада ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Денис Полубояринов алтын жүлдені қанжығасына байлады.
"Қайрат" өз алаңындағы алты матчты жанкүйерсіз өткізеді
"Қайрат" футзал клубы 2025/2026 маусымда алты үй ойынын жанкүйерсіз өткізуге мәжбүр болады. Бұл шешімді Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау және этикалық комитеті қабылдады.
Автосервиске ақша шашпа! Бұзылмайтын көліктер тізімі
Автокөліктердің арасында бар сән-салтанатты ұмытып, тек темірдей сенімділікке сүйенетін үлгілер бар. Олар үшін басты мақсат – көздің жауын алу емес, жылдар бойы мініп, шеберхана көрмей жүру. Осындай "ең төзімді" бес модельді назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстанның ең қымбат хоккейшісі енді екі есе аз жалақы алады
Қазақстан құрамасының үздік шабуылшысы Никита Михайлис ҚХЛ-дегі "Металлург" клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды. Алайда оның табысы күрт төмендеді.
Уимблдондағы сәт. Әлемнің бірінші ракеткасы жарақат алған қарсыласын мазақтады ма? (ФОТО)
Италиялық теннисші Янник Синнер Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты. Алайда оның бұл жетістігі көрермендер мен жанкүйерлер арасында дау туғызды. Себебі ол қарсыласы Григор Димитровтың жарақат алған сәтінде күліп тұрған.
Геннадий Головкин Астанадағы әлем кубогында дау тудырды (ВИДЕО)
Бокстан Астанадағы әлем кубогындағы Геннадий Головкинның әрекеті спорт әлемінде қызу талқылануда. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, атақты кәсіпқой боксшы GGG IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) логотипі бар қолғапқа қолтаңба қоюдан үзілді-кесілді бас тартты.
Жеңілмеген украиналық боксшы америкалықты аяусыз нокаутқа жіберді (ВИДЕО)
2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген украиналық Тарас Шелестюк (20–0–1, 12 KO) ұзақ үзілістен кейін рингке оралып, жарқын жеңіске жетті.
"Анашым, қарашы — мен ұша аламын": Александр Усик супер жекпе-жек қарсаңында анасын тебірентті
Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, жеңіліссіз украиналық боксшы Александр Усик алдағы Даниэл Дюбуаға қарсы реванш алдында ерекше жазбасымен жанкүйерлерін тәнті етті.
Ұлттық құраманың шабуылшысы Еуропаға ауысар алдында үйленуге шешім қабылдады (ФОТО)
Қазақстан құрамасы мен "Тобылдың" көшбасшысы Ислам Чесноков жеке өмірінде маңызды қадамға барды. Ол бірнеше жыл бірге жүрген сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады.
Айбек Оралбай әлем кубогының иегері атанды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай World Boxing кубогының финалында германиялық қарсыласын тас-талқан етіп, алтын медаль жеңіп алды.
Бекзат Нұрдәулетов Астанадағы финалда нокдаун тіркеді (ВИДЕО)
Бекзат Нұрдәулетов Астанадағы World Boxing әлем кубогының финалында үнді боксшысын нокдаунға жіберіп, алтын медаль жеңіп алды.
Келер жылдан бастап қазақстандық футболшылардың жалақысы үш есе өседі
Кәсіпқой футбол лигасында (ҚПЛ) қазақстандық ойыншылардың айлығы күрт өседі. Бұл жаңалық футбол жанкүйерлерін де, футболшыларды да бей-жай қалдырмады.
"Бавария" КӘЧ жорығын аяқтап, команда көшбасшысының аяғын сындырып алды (ВИДЕО)
Мюнхендіктер үшін клубтық әлем чемпионатының ширек финалы сәтсіз аяқталды. Венсан Компанидің командасы ПСЖ-дан жеңілгені былай тұрсын шабуылдаушы жартылай қорғаушы Джамал Мусиала ауыр жарақат алды.
Ұлттық құрама капитаны нокдаун арқылы финалға шықты (ВИДЕО)
Астанадағы World Boxing кубогында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай жартылай финалдық кездесуін сәтті өткізді. 90 келіден жоғары салмақта әзербайжандық Махаммад Абдуллаевке қарсы мықтылығын дәлелдеді.
Басқа деңгейде жұдырықтасты – Тәшкенбай Астанада нағыз шеберлік сабағын көрсетті (ВИДЕО)
Астанадағы бокстан World Boxing кубогының жартылай финалында 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар Тәшкенбай жарқырай көзге түсті. Ол әзербайжандық Субхан Мамедовты толық үстемдікпен тізе бүктірді.
Назым Қызайбай финал жолдамасы үшін өткен шайқаста драмаға тап болды (ВИДЕО)
Қазақстандық әйгілі боксшы Назым Қызайбай Астанадағы World Boxing кубогының жартылай финалында шектен тыс шиеленісті жекпе-жек өткізді. 48 келі салмақ дәрежесінде жапониялық Хикару Синохарамен қолғап түйістіріп, тек төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.
Өзбекстан құрамасы шешуші матчқа қалай шықты? Мотивациялық видеодан жанкүйерлер көз жасын тыя алмады (ВИДЕО)
Өзбекстан футбол қауымдастығы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі шешуші матч – БАӘ құрамасына қарсы ойын (0:0) алдында түсірілген эмоционалды бейнероликті жариялады.
Қазақстан әлем кубогында финалсыз қалды
Ауыр салмақтағы боксшы Сагындық Тоғамбай Астанадағы World Boxing кубогы турнирін қола жүлдемен аяқтады.
Өзбекстан құрамасының шабуылшысы "Ромадан" кетті
"Рома" (Италия) клубының шабуылшысы, Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Эльдор Шомуродов енді мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады.
Трамп Ақ үйді октагонға айналдырады
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үй аумағында UFC ұйымының чемпиондық жекпе-жегі өтетінін мәлімдеді.