
Қысқа әрі терең ұйқы шығармашылық серпіліс пен күтпеген шешімдерге жетуге көмектеседі.
Ғылым «Бір мызғып алу» жай кеңес емес екенін ресми түрде растады. PLOS Biology журналында жарияланған соңғы зерттеу қысқа әрі терең ұйқының шығармашылық ойлау мен күрделі мәселелерді күтпеген шешуге айтарлықтай көмектесетінін көрсетті. Әсіресе бұл — «Эврика!» сәтін бастан өткеретін шығармашылық иелері мен ой еңбегімен айналысатындар үшін таптырмас жаңалық.
Неміс ғалымы Аника Лёве мен оның әріптестері 90 адам қатысқан тәжірибе жүргізді. Қатысушыларға экрандағы нүктелерге жауап беру тапсырмасы берілді. Бұл тапсырманың жеңіл жолы бар еді, бірақ ол әдейі айтылмады — шешімді қатысушылардың өзі табуы керек болды.
Төрт раундтан кейін барлық қатысушыларға 20 минуттық ұйықтап алу мүмкіндігі берілді. Осы уақыт ішінде олардың ми белсенділігі ЭЭГ (электроэнцефалограмма) арқылы бақыланды.
Бұл – қысқа әрі сапалы ұйқы шығармашылық шешім қабылдауға елеулі түрде көмектесетінін көрсетеді.
EEG мәліметтері бойынша, терең ұйқы кезінде байқалатын мидың спектрлік көлбеуінің тік бұрышышығармашылық серпіліспен тікелей байланысты. Бұрынғы зерттеулерге сүйенсек, бұл көрсеткіш ми белсенділігінің уақытша жеңілдеуін білдіреді, яғни жаңа ойлар мен байланыстардың пайда болуына жол ашады.
Зерттеуге қатысқан нейробиолог Николя Шук бұл жаңалықты былай түсіндіреді:
"Қысқа ұйқының адамның бұрын байқамаған байланыстарды көре бастауына әсер етуі – өте қызықты құбылыс. Бірақ негізгі сұрақ – бұл қалай іске асады?"
Ал жетекші зерттеуші Аника Лёве былай деді:
"EEG нәтижелері мен эврика сәттері арасындағы байланыс – зерттеудің ең қызықты тұсы. Бұл біздің алдыңғы модельдерімізді нақтылай түседі."
Ол шығармашылықпен айналысатын адамдар арасында жүргізілген сұхбаттарда олардың да қысқа ұйқыдан кейін күтпеген идеяларға тап болғанын айтқанын ерекше атап өтті. Яғни бұл – зертхана ішінде ғана емес, шын өмірде де жиі кездесетін құбылыс.
Қысқа, бірақ терең ұйқы шығармашылық ойлау қабілетін едәуір күшейтеді. Бұл нәтижелер жазушылар, суретшілер, өнертапқыштар мен кез келген интеллектуалды тапсырма орындаушылар үшін пайдалы. Бірер минуттық мызғып алу – күрделі мәселені шешудің, тың идея табудың кілті болуы мүмкін.