Ағзаның қартаюы тек жас ұлғаюымен шектелмейді. Бұл – өмір салты мен тамақтану әдетіне байланысты жүретін табиғи биологиялық процесс. Яғни, дұрыс тамақтану ағзаның «биологиялық сағатын» баяулатуға көмектеседі.
Ұзақ ғұмыр мен сергек болудың басты ережесі – «More and Less»(көбірек және азырақ) қағидасы:
Бұл тәсіл функционалды тамақтану қағидатына негізделген. Яғни, тек пайдалы тағамдарды тұтыну жеткіліксіз, зиянды факторларды да азайту қажет. Өйткені артық қант пен май антиоксиданттардың әсерін жойып жіберуі мүмкін.



Тек қандай тағам жейтініңіз ғана емес, оны қалай үйлестіретініңіз де маңызды:

Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деректеріне сәйкес, көкөніс, жеміс-жидек, бұршақ тұқымдастар, тұтас дәнді дақылдар мен пайдалы майларға бай тағамдар қант диабеті, Альцгеймер және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін төмендетеді.
Дұрыс тамақтану – қатаң диета емес. Бұл – күнделікті саналы таңдау мен тепе-теңдік сақтау. Ең бастысы тұрақтылық маңызды. Демек, дұрыс тамақ – ұзақ әрі сапалы өмір сүрудің сенімді серігі.