
Дұрыс тамақтану – ағзадағы алмасу процестерінің негізгі кілті. Зерттеулер көрсеткендей, метаболизмді жақсарту үшін тек қана тамақ режимін сақтау жеткіліксіз. Рационға белгілі бір өнімдерді енгізу арқылы ағзаңызды қосымша қуаттандырып, қажетсіз майды жылдам кетіруге болады.
Жақсы метаболизм – сымбат пен денсаулықтың негізі. Ол тағамды энергияға айналдырып, ағзадағы артық токсиндер мен майды шығарып тастайды. Ал баяу алмасу процесі керісінше – шаршаңқылыққа, артық салмаққа және ас қорыту мәселелеріне әкелуі мүмкін.
Метаболизмнің басты "қозғалтқышы". 60 кг салмақтағы адамға тәулігіне шамамен 2,5 литр су қажет. Таңертеңгі бір стақан су ағзаны оятып, ішкі жүйелерді іске қосады.
Шпинат, брокколи, қырыққабат, спаржа және басқа да қою жасыл көкөністер магний мен темірге бай.
Оларды лимон, қызанақ секілді С дәруменіне бай өнімдермен бірге жесеңіз, темірдің сіңуі артады.
Апельсин, алма, киви, жидектер – антиоксиданттардың нағыз қоймасы.
Маңыздысы – жаңа піскен жемістерді таңдау. Шырын немесе джем емес, табиғи жеміс – метаболизмді жылдамдатуда ең тиімді нұсқа.
Жасыл, қара немесе хош иісті шай немесе кофе – бәрі де пайдалы.
Ғалымдар жасыл шайдың метаболизмді ең белсенді жылдамдататынын дәлелдеген. Бірақ бастысы – табиғи, қоспасыз шай ішу.
Чили, карри, қара бұрыш – бәрінің құрамында капсаицин бар. Бұл зат ағзаны қыздырып, жүрек жұмысын жақсартады, қабынуды азайтады және калорияны тезірек жағуға көмектеседі. Әйтсе де, мөлшерден тыс қолдану асқазанға ауырлық түсіреді.
Жеміс-жидекпен қатар, жаңғақтар, бұршақ дақылдары, тұтас дәнді өнімдер де өте маңызды.
Тәжірибелер кокос майының метаболизмді 25%-ға арттыратынын көрсеткен.
Кальций тапшылығы метаболизмді баяулатады. Йогурт, айран, сүзбе сияқты өнімдерді күнделікті рационға енгізіңіз.
Ақуызы мол тағамдар ағзаны артық жұмысқа итермелейді. Мәселен, тауық еті немесе балықты ас қорыту кезінде метаболизм 50%-ға дейін жылдамдайды.
Ағзаның алмасу процесін 10%-ға дейін жеделдетеді.
Бұл өнімдер қандағы қантты күрт көтеріп, артық май жинауға ықпал етеді.
Метаболизмді жылдамдату үшін қымбат қоспаларға жүгіну шарт емес – табиғат бізге бәрін ұсынған. Су, көкөніс, жеміс, дәнді дақылдар, ақуызды тағамдар және пайдалы дәмдеуіштер күнделікті рационыңызда болса, нәтижесін көп күттірмейді.