
ПСЖ вингері Усман Дембеле «Барселонаның» жас ойыншысы Ламин Ямальдың болашақта міндетті түрде «Алтын доп» иегері болатынына сенеді.
Пари Сен-Жермен шабуылшысы Усман Дембеле «Алтын доп-2025» жүлдесі үшін «Барселона» вингері Ламин Ямальмен бәсекесі жайлы пікір білдірді.
Биыл марапатты өзі иеленгеніне қарамастан, Дембеле 18 жастағы футболшының болашақта міндетті түрде оны жеңетінін айтты.
«Біз Ламиннің осы маусым бойы қалай күрескенін көрдік. Ол – ерекше жас жігіт, өте ересек ойнайды. Ойлаймын, егер жұлдыздар сәйкес келсе, ол „Алтын доп“ сияқты көптеген жүлделерді ұтып алады. Бұл жақсы бәсеке болды», – деді Дембеле марапаттау рәсімі кезінде.
Еске сала кетейік, 2024/25 маусымында Усман Дембеле ПСЖ сапында Чемпиондар лигасын, чемпионатты, Франция кубогын және Суперкубогын жеңіп алды, сондай-ақ клубтық әлем чемпионатының финалына шықты.
Алайда, Ламинның әкесі биылғы нәтижеге көңілі толмайтынын айтты. Ол туралы осы сілтемеге өтіп, біле аласыздар.