Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Мбаппе мен Ямальды басып озды: Харри Кейн "Алтын доп" иегері атанды

Екінші орын Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеге бұйырды. Үздік үштікті Испанияның жас жұлдызы Ламин Ямаль түйіндеді.

Мбаппе мен Ямальды басып озды: Харри Кейн "Алтын доп" иегері атанды
sports.ru

"Бавария" мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн 2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанды.

France Football журналы табыстайтын басты жеке жүлде – "Алтын доп" марапаттау рәсімі Лондондағы "Палладиум" театрында өтті. Жеңімпазға жүлдені аты аңызға айналған бразилиялық шабуылшы Роналдо табыстады.

Кейн Мбаппе мен Ямальды артта қалдырды

Дауыс беру қорытындысы бойынша Харри Кейн басты жүлдені иеленді.

Екінші орын Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеге бұйырды. Үздік үштікті Испанияның жас жұлдызы Ламин Ямаль түйіндеді.

Төртінші орынға Родри, ал бесінші орынға аргентиналық Лионель Месси тұрақтады.

"Алтын доп" алғаш рет Франциядан тыс жерде табысталды

2026 жылғы рәсімнің тағы бір ерекшелігі – "Алтын доп" марапаттау кеші тарихта алғаш рет Франциядан тыс жерде өтті.

Ұйымдастырушылар шараны Лондонға ауыстырып, 1956 жылы жүлденің алғашқы иегері атанған ағылшын футболшысы Стэнли Мэтьюзге құрмет көрсетті.

Айта кетейік, "Алтын доп" жыл сайын күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша әлемнің үздік футболшысына беріледі. Өткен жылы бұл жүлдені "Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы Усман Дембеле жеңіп алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?