Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Қиын болады". Джон ван'т Схип Молдоваға қарсы матч жайлы

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван'т Схип Ұлттар лигасының бесінші турында Молдоваға қарсы өтетін матч алдындағы дайындық барысын түсіндірді.

Матч беті Молдова 22:00 Қазақстан 13 қараша, жұма · Ұлттар лигасы, 5-тур · Тікелей эфир Құрамдар мен болжам →
"Қиын болады". Джон ван'т Схип Молдоваға қарсы матч жайлы
kff.kz

Нидерландтық маман ҚФФ-ға берген сұхбатында құраманың қалай жасақталғанын, футболшылардың оқу-жаттығу жиынына қай уақытта қосылғанын және Түркістандағы дайындықтың ерекшелігін айтып берді.

"Бізде дайындалуға бірнеше күн болды. 5 қарашадан бастап Қазақстан чемпионатындағы маусымын аяқтаған футболшылармен жұмысқа кірістік. Алдымен оларға бірнеше күн демалыс берілді, содан кейін жаттығуға қосылды.

Кейін командаға "Ордабасы" мен "Қайраттың" ойыншылары келді. Ең соңынан шетелдік клубтарда өнер көрсететін футболшылар қосылды. Осылайша, ойыншылар біртіндеп жиналып, маңызды матчқа ортақ дайындықты жалғастырдық", – деді бас бапкер.

Түркістандағы табиғи газонға бейімделді

Қазақстан құрамасы дайындық барысында Астанадан Түркістанға ауысқан. Бас бапкер бұл шешім командаға пайдалы болғанын атап өтті.

"Менің ойымша, Астанадан Түркістанға көшу бізге оң әсер етті. Мұнда жағдай басқа. Оның үстіне біз табиғи газонда жаттықтық, өйткені алдағы матч та табиғи төсеніште өтеді", – деді ван'т Схип.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Молдовамен кездесу оңай болмайтынын да жасырмады.

"Бұл матчтың өте маңызды әрі қиын болатынын түсінеміз. Өйткені екі командаға да жеңіс қажет", – деді маман.

Қазақстан Молдовамен Кишиневте кездеседі

Қазақстан құрамасы 13 қарашада Ұлттар лигасының бесінші турында Кишиневте Молдоваға қарсы ойнайды.

Одан кейін, 16 қарашада, ұлттық құрама Астанада топ көшбасшысы Словакияны қабылдайды.

Төрт турдан кейін С дивизионының 3-тобында Словакия 10 ұпаймен көш бастап тұр. Фарер аралдары мен Молдовада төрт ұпайдан бар. Қазақстан екі ұпаймен соңғы орында келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын