Сәбина Алтынбекова өз ұлтын атады (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі

Индонезиялық "Yogya Falcons" командасының қазақстандық волейболшысы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желідегі жаңа жазбасында өз ұлтын атады. 

Сәбина Алтынбекова өз ұлтын атады (ФОТО)
Vesti.kz

Алтынбекова Instagram парақшасында "Yogya Falcons" командасының матчы кезінде түсірілген бірнеше суретін жариялап, жазбаға қысқаша пікір қалдырды.

"Қазақ қызы", — деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Сәбина Алтынбекова 2024 жылдың қазан айында" Yogya Falcons" клубымен келісімшартқа қол қойған болатын. Ал желтоқсанында ол команданың капитаны атанғанын мәлімдеді. Қазір спортшы өз клубының матчтарынан түсірілген фотосуреттерді әлеуметтік желіде тұрақты түрде бөлісіп келеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 71
👎 1
😂 4
😡 3
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір