Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бибісара Асаубаева

Бибисара Асаубаева орысшаBibisara Assaubayeva латынша

Бибісара Асаубаева — қазақстандық шахматшы, блиц бойынша әйелдер арасындағы үш дүркін әлем чемпионы (2021, 2022, 2025). 2021 жылы рапид бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионы атанды. 2025 жылы гроссмейстер атағын алды, Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері (2024).

Спорт түрі
Шахмат
Туған күні
26.02.2004
Туған жері
Тараз
Блиц бойынша әлем чемпионаты
Чемпион, 2021, 2022, 2025
Рапид бойынша әлем чемпионаты
Күміс жүлде, 2021
Шахмат олимпиадасы
Күміс жүлде (команда), 2024
Атағы
Гроссмейстер, 2025

Анықтама Уикипедия бойынша: Bibisara Assaubayeva, Бибісара Ерханқызы Асаубаева, Асаубаева, Бибисара Ерханкызы

Жаңалықтар

Қазақстан шахмат Олимпиадасында көшбасшылықтан айырылды

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандтағы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының сегізінші турында Үндістанмен тең түсті.

Жаңалықтар

FIDE Қазақстан мен Қытай арасындағы шахмат текетіресіне баға берді

Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының жетінші турында құрамалар тең түсті. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Олимпиаданың үздік шахматшысын тоқтатты

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының жетінші турында Қытаймен тең түсті.

Жаңалықтар

Алты матчта алты жеңіс: Қазақстан шахмат Олимпиадасының көшін бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандтағы шахмат Олимпиадасының алтыншы турында Әзербайжаннан 2,5:1,5 есебімен басым түсті. 

Ойыннан тыс

Асаубаеваның анасы неге Өзбекстанға жанкүйер екенін түсіндірді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Танжарықова Самарқандтағы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында қай құрамаларға жанкүйерлік ететінін айтты.

Жаңалықтар

Қазақстандық шахматшылар Олимпиадада Германияны жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының бесінші турында Германияны ұтты. Ал ерлер командасы Эстониямен тең түсті.

Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева шахмат Олимпиадасында алғашқы жеңісіне жетті

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының төртінші турында Арменияны жеңді. 

Жаңалықтар

Қазақстандық шахматшылар Самарқандтағы Олимпиадада үшінші жеңісіне жетті

Өзбекстанда 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының үшінші туры аяқталды.

Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы шахмат Олимпиадасында кезекті жеңісіне жетті

Самарқандта 46-шахмат Олимпиадасының екінші туры Қазақстан құрамалары үшін сәтті аяқталды.

Жаңалықтар

"Сіздерді мақтан тұтамын". Жерар Пике Асаубаева мен Синдаровқа үндеу жасады

"Барселона" сапында төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп, әлем чемпионы атанған Жерар Пике Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирінде жүлдеге іліккен FYERS American Gambits командасын құттықтады.

Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров Өзбекстанға келді

Асаубаеваны Самарқандта өтетін 2026 жылғы Шахмат олимпиадасы күтіп тұр.

Жаңалықтар

Асаубаева мен Синдаров миллион долларлық турнирді жүлдемен аяқтады

Қазақстандық шахматшы мен өзбек гроссмейстері Бангалор қаласында Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирінде үшінші орын иеленді.

Жаңалықтар

Асаубаеваның ресейлік шахматшыны жеңген партиясы жоғары бағаланды

Қазақстандық шахматшы Global Chess League турнирінде ресейлік Полина Шувалованы жеңуі халықаралық шахмат сарапшыларының назарын аударды. 

Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева беделді турнирде қатарынан екінші жеңісіне жетті

Қазақстандық шахматшы Үндістандағы Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің тоғызыншы турында жеңіске жетті.

Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Үндістанда қарсыласын ойсырата жеңді

Қазақстандық шахматшы Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Жаңалықтар

Асаубаева қатарынан алтыншы партияда жеңіске жете алмады

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Бангалор қаласындағы Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінде әзірге жеңіссіз келеді.

Жаңалықтар

Карлсен мен Синдаров арасындағы матч ірі есеппен аяқталды

Бангалордағы Tech Mahindra Global Chess League турнирінің үшінші турында Alpine APL Pipers пен FYERS American Gambits командалары кездесті.

Жаңалықтар

Жавохир Синдаровты Үндістанда ерекше құрметпен қарсы алды

Танымал шахматшыны Бангалор қаласының қонақүй қызметкерлері жергілікті дәстүр бойынша салтанатты түрде қарсы алды, 

Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров бір командада ойнайды

Қазақстандық шахматшы Үндістандағы беделді Tech Mahindra Global Chess League командалық турниріне қатысады.

Жаңалықтар

Бибісара Асаубаеваның FIDE әлемдік рейтингіндегі орны белгілі болды

Қазақстандық шахматшы 2026 жылғы қыркүйекке арналған Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған әлемдік рейтингінде үздік бестіктегі орнын сақтап қалды.