Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әли Әлиев

Али Алиев орысшаAli Aliyev латынша

Әли Әлиев — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы және бапкер, «Қайрат» құрамында Қазақстан чемпионы (2004) әрі Қазақстан кубогының екі дүркін иегері (2001, 2003). 2019 жылы «Қызылжардың» бас бапкері ретінде клубты Бірінші лига чемпионы етіп, Премьер-лигаға шығарды. 2025 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарды.

Спорт түрі
Футбол
Туған күні
27.10.1980
Туған жері
Алматы
Қазақстан чемпионаты
Чемпион, «Қайрат», 2004
Қазақстан кубогы
Жеңімпаз, «Қайрат», 2001, 2003
Ұлттық құрама
Бас бапкер міндетін атқарушы, 2025
Бапкерлік
Бірінші лига чемпионы, «Қызылжар», 2019

Анықтама Уикипедия бойынша: Ali Aliyev (footballer), Әли Ханалыұлы Әлиев, Алиев, Али Ханалиевич

Футбол

Әли Әлиев: «Бірнеше ойыншы бізге көмектесе алмайды»

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңдегі маңызды ойындар алдында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев командадағы кадрлық өзгерістер туралы айтты. Бапкердің сөзінше, негізгі ойыншылардың жарақаттары тактикалық жоспарға түзету енгізуге мәжбүрлейді.

Футбол

Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасына қосылмайды

27 жастағы қазақстандық қорғаушы, Мәскеудің «Динамо» клубының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов қыркүйектегі Қазақстан құрамасының матчтарына шақырылмады. Ол бұл уақытта клубта қалып, жарақатынан кейін қалпына келуді жалғастырады. 

Футбол

Әли Әлиев: Біз ойыншыларды ең жоғары деңгейге қалай жеткізуді білеміз

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындар алдында дайындық барысын баяндады. 

Футбол

Қазақстан құрамасына үш футболшы қосылды (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қыркүйек айындағы матчтарға дайындықты жалғастырып жатыр. Осы жиынға тағы үш футболшы шақырылды. 

Футбол

Жаңа ойыншымен толыққан Қазақстан құрамасы Астанада жиналды (ФОТО)

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындықты бастап кетті.

Футбол

Қазақстан құрамасының ӘЧ іріктеу матчтарына арналған соңғы құрамы жарияланды

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев қыркүйекте өтетін іріктеу ойындарына шақырылған футболшылардың толық тізімін жариялады. Құрама Уэльс пен Бельгияға қарсы кездесулер өткізеді.

Футбол

Қазақстан құрамасының бас бапкері Валерий Карпинмен кездесті (ВИДЕО)

Әли Әлиев Мәскеудің "Динамо" клубы және Ресей құрамасының тізгінін ұстайтын Валерий Карпинмен арнайы кездесу өткізді. Басқосуда басты назарда Қазақстан футболының лидері саналатын Бақтиер Зайнутдинов болды.

Футбол

Әли Әлиевке төленген ақша тексеруге алынды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиевтің миллиондаған жалақысы қоғамда қызу пікірталас тудырды. Бұл мәселеге Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ресми түсініктеме берді.

Футбол

Қазақстан құрамасының бапкері миллиондап заңсыз жалақы алған ба?

Футболдағы кезекті дау Солтүстік Қазақстан облысынан шықты. Петропавлдың "Қызылжар" клубында басшылық ауысқаннан кейін заңсыз қаржылық операциялар әшкере болды.

Футбол

Қазақстан құрамасының бас бапкері медиафутболға ауыса жаздады

2024 жылы Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев күтпеген ұсыныс алды. Ол ресейлік медиафутбол клубына қосыла жаздады.

Футбол

"Біз мықты ойнадық". Ұлттық құрамадағылар жақсы жаңалығымен бөлісті

Елдос Ахметовтың айтуынша, жастардың даму қарқыны қуантады және болашақта жеңістер міндетті түрде келеді.

Футбол

Рамазан Оразов неге құрамаға шақырылмады? Бас бапкер жауап берді

Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев Рамазан Оразовтың неге Солтүстік Македонияға қарсы матчқа шақырылмағанын түсіндірді.

Футбол

"Мұндай бейқамдық кешірілмейді!" — Әли Әлиев

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Беларусьтен 1:4 есебімен жеңіліске ұшыраған спарринг-матчтан кейін қорғаныста жіберілген өрескел қателіктерге таңданысын жасырмады. 

Футбол

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының басты мақсатын атады (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы жолдастық кездесулер қарсаңында басты мақсатты атады.

Футбол

Әли Әлиев: "Жарақаттар ұлттық құраманың ойынына әсер етуде"

Қазақстан құрамасында жарақат мәселесі ушығып тұр. 

Футбол

Әли Әлиев ҚПЛ матчына келген бүлдіршіндерді бір қуантты (ВИДЕО)

"Астана" – "Жеңіс" арасындағы матч кезінде ұлттық құрама бас бапкері жас жанкүйерлердің жейделеріне қолтаңба қойып, ерекше көңіл сыйлады. 

Футбол

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының толыққанды бас бапкері атанады

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының толыққанды бас бапкері қызметіне тағайындалады.

Футбол

«Келесі бапкер Нидерланды азаматы»: Ермұхамед Мәуленнен күтпеген инсайд (ВИДЕО)

Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен ұлттық құраманың жаңа бапкері туралы мәліметпен бөлісті

Футбол

Әли Әлиев: "Қырғызстан мен Өзбекстан мықты нәтиже көрсетіп жатыр"

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев Лихтенштейнге қарсы өткен матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында ойынның қорытындысын шығарды. Қазақстан 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Футбол

Магомед Адиев: "Құрама әлі күшейген жоқ"

2026 жылғы ӘЧ іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчынан кейін Қазақстан құрамасының ойынына қатысты пікірлер көптеп айтылуда. Басты сыншылардың бірі – құраманың бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев.