Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Теннис

Қазақстан мен әлемдегі теннис жаңалықтары. Соңғы матчтар, турнирлер, ойыншылардың жетістіктері мен маңызды оқиғалар туралы ақпарат біздің сайтта 
Теннис

Қазақстандық теннисші Дэвис кубогында елге алғашқы жеңісті сыйлады

Александр Шевченко Оңтүстік Корея өкілі Хён Чонды екі сетте тізе бүктіріп, Қазақстан құрамасына алғашқы ұпайды сыйлады.

Теннис

Сербиядан қуылған чемпион: Неге Джокович туған елін тастап, Грекияға қоныс аударды?

Әлемнің 24 дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы Новак Джокович туған елінен қол үзіп, отбасымен бірге Грекияға көшті. Белградтағы билік оны студенттік наразылықтарды қолдағаны үшін «опасыз» деп айыптаса, серб жұлдызы енді Афинада жаңа өмір бастап, тіпті жеке турнирін де сонда көшіруге бел буды.

Теннис

Аружан Сағандықова Қытайдағы турнирде топ жарды

20 жастағы қазақстандық теннисші көрші елде өткен ITF W15 сериялы турнирінде қарсыластарын қапы қалдырып, басты трофейді иеленді. Бұл – оның халықаралық деңгейдегі екінші ірі жеңісі.

Теннис

Жаңа дәуір чемпионы: Алькарас US Open-ды бағындырды (ВИДЕО)

Испаниялық жұлдыз  Карлос Алькарас Нью-Йоркте өткен US Open-2025 турнирін жеңіп алып, мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» жүлдесін иеленді. Бұл триумф оның теннис әлеміндегі орнын бекітіп қана қоймай, тарихқа да енгізді: Алькарас жүлде қоры бойынша тарихтағы алтыншы теннисші атанды.

Теннис

Аңыздар жолымен: Синнер мен Алькарас тарихтағы үшінші трилогияны жасады

US Open турнирінің финалында италиялық Янник Синнер мен испандық Карлос Алькарас шығады. Бұл – олардың қатарынан үшінші «Үлкен дулыға» финалдық кездесуі. Бұған дейін екеуі «Ролан Гарроста» және «Уимблдон» турнирінде финалда ойнаған болатын. Парижде Алькарас жеңіске жетсе, Лондонда Синнер басым түсті.

Теннис

Теннистегі жаңа дәуір: Алькарас Джоковичті ұтып, финалға шықты!

Испанияның жас жұлдызы Карлос Алькарас теннис әлемінде тағы да сенсация жасады – ол сербиялық аңыз Новак Джоковичті жартылай финалда жеңіп, US Open финалына жолдама алды. Бұл жеңіс тек турнирдің ғана емес, бүкіл маусымның ең айтулы сәттерінің бірі болды.

Теннис

Қазақстандық теннисші US Open-2025 турнирінде кезекті сенсация жасады

Заңғар Нұрланұлы АҚШ-та өтіп жатқан US Open-2025 жарысында сенсация жасап, жартылай финалға жолдама алды. 17 жастағы теннисші бірінен соң бірін бірнеше фаворитті жарыстан шығарды.

Теннис

Жеңіс рухы: Заңғар Нұрланұлы US Open-де сенсациялық камбэк жасады

Қазақстандық жас дарын Заңғар Нұрланұлы Нью-Йоркте өткен US Open юниорлар турнирінде ерік-жігерін паш етті. 17 жастағы теннисші үшінші айналымда бірінші сеттен ұтылғанына қарамастан, керемет камбэк жасап, ширек финалға жолдама алды.

Теннис

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны ұта ала ма?

Теннисшілеріміз жуырда Дэвис кубогының плей-офф кезеңі аясында Оңтүстік Кореямен кездеседі. 

Теннис

Нью-Йорктегі ертегі аяқталды. Бублик Синнерден ары аса алмады

US Open турнирінің 1/8 финалында отандасымыз әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерге бар болғаны 1 сағат 21 минутта есе жіберді.

Теннис

Александр Бублик US Open-де нағыз триллер жасады (ВИДЕО)

Қазақстандық теннисші алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының төртінші кезеңіне шықты. 

Теннис

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында тарихи нәтиже тіркеді (ВИДЕО)

2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет өзінің мансабында АҚШ ашық чемпионатының төртінші кезеңіне жолдама алды. 

Теннис

Александр Бублик US Open турнирінде сенсациялық қарсыласын ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 24-орын) АҚШ ашық чемпионатында (US Open-2025) кезекті жеңіске жетті.

Теннис

US Open-да күтпеген нәтиже: Юлия Путинцева үшінші айналымға өте алмады

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының (US Open-2025) үшінші айналымына шыға алмады.

Теннис

Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің қос дүркін чемпионын тізе бүктірді (ВИДЕО)

Әлемдік рейтингте WTA тізімінің 10-орнында тұрған Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан US Open-2025 турнирінде тағы бір маңызды жеңіске жетті.

Теннис

Александр Бублик US Open чемпионын ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде – 24-орын) АҚШ-тың ашық чемпионатын (US Open) сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда 2014 жылғы турнир жеңімпазы, тәжірибелі хорватиялық Марин Чиличпен (62-орын) кортқа шықты.

Теннис

US Open-дағы күтпеген қиындық: Каспер Рууд марихуана иісіне шағымданды

АҚШ-тағы соңғы «Grand Slam» жарысы — US Open тағы да ерекше жағдаймен есте қалады. Турнирге қатысып жатқан норвегиялық теннисші Каспер Рууд матч кезінде корттарды қаптаған марихуана иісіне наразылығын білдірді.

Теннис

Роджер Федерер ресми түрде миллиардер атанды!

Швейцариялық теннис аңызы Роджер Федерер ресми түрде спорт тарихындағы ең бай спортшылардың қатарына енді. Forbes мәліметінше, оның жалпы байлығы 1,1 миллиард долларды (шамамен 940 млн еуро) құрайды.

Теннис

Қазақстандық теннисші US Open-де камбэк жасап, келесі кезеңге шықты (ВИДЕО)

Юлия Путинцева (WTA рейтингінде – 54-орын) АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы ойынын сәтті өткізді.

Теннис

Соболенко сенімді бастады: US Open-2025 турнирінің екінші кезеңіне шықты

Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастап, турнирдің екінші айналымына жолдама алды.