Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі өтетін кешке тағы үш боксшы қосылды
Жәнібек Әлімханұлы мен даниялық Якоб Банк жұдырықтасатын бокс кешінің құрамы толықты.
Афишада кімдер бар?
Primetime Boxing компаниясы жарыстың ресми афишасын таныстырды. Бұған дейін жарияланған қатысушылар қатарына мына боксшылар қосылды:
- Лукас Ашира (Дания) – кәсіпқой рингтегі екі кездесуін де нокаутпен аяқтаған;
- Кристинел Мазаряну (Румыния) – үш жеңісі бар, оның екеуінде қарсыласын нокаутқа түсірген;
- Ноа Хенриксен (Норвегия) – кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Әзірге олардың қарсыластары жарияланған жоқ. Қазіргі бағдарлама бойынша кеш аясында тоғыз жекпе-жек өткізу жоспарланған.

Әлімханұлы мен Банк қандай титулға таласады?
Бокс кеші 2027 жылы 23 қаңтарда Даниядағы Forum Horsens аренасында өтеді.
Турнирдің басты кездесуінде Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионының бос тұрған белбеуін сарапқа салады.
Бұл туралы не ойлайсыз?