Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Бұл – оның таңдауы": Рахмоновтың бапкері Махачевтың шешімі туралы

DAR Team клубының бас бапкері Эдуард Базров ресейлік UFC чемпионы Ислам Махачевтың кәсіби мансабы туралы мәлімдемесіне қатысты пікірін айтты. 

"Бұл – оның таңдауы": Рахмоновтың бапкері Махачевтың шешімі туралы
metaratings.kz

Базров Sports.kz басылымымен сұхбатында Махачев аралас жекпе-жекте өзінің жоғары деңгейін әлдеқашан дәлелдегенін айтты. Сондықтан мансабын жалғастыру немесе аяқтау туралы шешім тек файтердің өзіне тиесілі.

"Ислам барлығына өзін дәлелдеді. Ол – осы спорттың аңызы. Мансабын жалғастыра ма, әлде аяқтай ма – оны өзі шешеді. Махачев қол жеткізуге болатын барлық жетістікке жетті, UFC аңыздарының біріне айналды. Бірақ шынымды айтсам, оның кететіні туралы ойдың өзі аздап қынжылтады. Әлі де жекпе-жектерін тамашалағымыз келеді. Дегенмен мансабын аяқтаса, бұл – оның таңдауы", – деді Эдуард Базров.

30 қазанда Ислам Махачев әлеуметтік желідегі парақшасында кәсіби мансабының аяқталуы мүмкін екенін аңғартқан жазба жариялады. Ол X әлеуметтік желісінде келесі жекпе-жегі кәсіби мансабындағы соңғы кездесулердің бірі болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұған дейін ресейлік файтер бразилиялық Карлос Пратес пен эквадорлық Майкл Моралес арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездескісі келетінін айтқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?